Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарлан талант - АРҚА АЖАРЫ

Тарлан талант

Осындай тақырыппен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде Алашымыздың ардақты азаматы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүнісовтің шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы болып өтті.

Мәдени шараның басты мақсаты колледждің білім алушыларын жазушының шығармашылығымен таныстыру, қаламгердің туындыларындағы адамдардың күйініш-сүйінішін, арман-өкінішін және кейіпкерлер тағдырын ортаға салу болып табылады. Жазушының қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі, прозаларындағы дәуір келбеті, «Ақан сері» романындағы суреткерлік шеберлігі, драмалық шығармалары мен аудармалары хақында пікірлер айтылып, танымы мол тағылымды ойлар тоғысты. Конференцияда қаламгер Төлеген Қажыбай білім алушы жастар алдында тақырып бойынша өте терең ой қазынасымен бөлісіп, көзі көрген жерлес жазушымыз Сәкен сері Жүнісов туралы  естелігін ортаға салды. Жазушының тәлім-тәрбиесі мол сөзін оқырман жастар ыстық ықыласпен қабылдады.
Осы колледжде оқитын Жадыра Далай, Маржангүл Бекарыстанова есімді оқушылары Сәкен серінің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі тақырыбында  баяндамалар оқыды. Драмалық шығармалары туралы Сәбит Ақжол, Дариға Ермұхан, Тоғжан Жақсыгелді сөз сөйледі. Қаламгердің прозалық шығармалары «Аманай мен Заманай», «Жапандағы жалғыз үй»  жайында Гүлғайша Жақсылық пен Жәрдемгүл Мадетхан баяндама жасады. Ал, «Ақан сері» романын колледждің барша білім алушылары оқып, өз ойларымен, алған әсерлерімен бөліскісі келгендердің саны көп болды.  Хайрам Таңсәуле, Айлана Еслямова, Әмина Қасенова, Айдана Нар-таева, Ақторғын Кәрібай, Жәнібек Махамбетияр, Абзал Жұмабек, тағы басқалары ортаға шығып, бірінен-соң бірі романнан үзінді келтіріп, әдебиетке  деген құштарлықтарымен тәнті етті.  Конференцияда қалалық әдебиет және өнер мұражайынан келген Сара Қожахметова мен Бақытжан Жүсіпова Сәкен Нұрмақұлының шығармашылығына байланысты  мұрағаттарды оқырмандар назарына ұсынды. Әсіресе, жиналған қауымды қызықтырған – жазушының қолжазбалары болды.
Ел Сәкен серіні еш ұмытпақ емес. Өйткені, оның артында өлмес мұра қалды. Әсіресе, өскелең ұрпақ тұғыры биік тұлғаны өзіне үлгі тұтқаны қандай ғанибет десеңізші. Қазақтың Сәкен серісі! Көсемсөздің Құлагері өзің едің! Әдеби кештен тағылым алған жастар өр тұлғаның өнегелі ғұмырымен сусындап, осындай рухани қуат алып тарқасты.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар