Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасын жырлар жарқылы... - АРҚА АЖАРЫ

Жасын жырлар жарқылы…

Таяуда облыстық әдебиет және өнер мұражайы мен Көкшетау қалалық кітапханасы ұжымдарының ұйымдастыруымен жас дарын, өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танылып келе жатқан ақын Жайнарбек Заңдыбайдың ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып өткізілген «Жыр – аманат» атты әдеби кеші болып өтті. Бір атап өтерлігі кешке Жайнарбектің жырын сүйіп оқитын оқырмандар көптеп жиналды. Сонымен қатар, оның қанаттас, тілектес дос-жарандары да қатысты.

Немістің ұлы ақыны Гете: «Жер бетіне түскен әрбір сызық пен сызат ақындардың жүрегінен өтеді», десе керек. Жөн айтқан, дәл айтқан.  Адам баласының тағдыр-талайы, қасірет-мұңы, арман-аңсары алаңдатпаған ақын жоқ шығар. Жайнарбектің өлеңдеріндегі сыршыл лирикаға, сұлу поэтикалық иірімдеріне, адам жанын жаулап алатын тылсым сырына қанықпыз. Оның ауыл тақырыбында жазылған өлеңін тыңдай отырып, көз алдыңа ауылдың тыныс-тіршілігі келеді де, көңіліңе жайма-шуақ жаз орнағандай мамыражай күй кешеді екенсің. Дала баласының туған топырағына деген кіршіксіз сүйіспеншілігін аңғартатын  сәтті шумақтары көңіл тоқытады.  
Әдеби кештің шымылдығын  Жайнарбек ақындық өнерге баулып жүрген жас талант Бергенбек Азатбекұлы өзінің ұстазына деген жүрекжарды тілегін жырмен өріп, арнаумен ашып, жиналғандардың көңілін бір серпілтіп тастады.
Ақынның поэзия кешінде өзінің үзіңгілес достары, талантты ақындар Мерген Тоқсанбай, Қуаныш Оспанов, Құрмет Құралхан, Тілек Серік, Жансая Хайымхан, Күләш Нысанбек және тағы басқалары сөз алып, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, өлең оқыды.  
Жайнарбек Заңдыбайдың екінші бір қыры – журналистігі. Ол «Бұланды таңы»  газетінің бас редакторы қызметін абыройлы атқарып келеді. Оның қаламынан туған көркем  очерктер, сырлы суреттемелер, сәтті репортаждар, замана запыранына айналған қоғамның көкейкесті мәселелері өрнектелген мәнді мақалалары оқырмандар тарапынан бағасын алған.
Жас та болса сан қырлы талантымен әдебиет әлемінде өзіндік орнын алуға талпынып жүрген Жайнарбектің талабы көз қуантады.
Әдеби кештің барысы Жайнарбектің өлеңімен әдіптеліп, дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов салған әндермен ажарлана түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: әдеби кештен көрініс, сол жақтан бірінші ақын Жайнарбек Заңдыбай.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар