Көкшетау техникалық институтының курсанттары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап флешмоб өткізді.
Флешмобқа 400-ден астам курсант пен оқытушылар қатысты. Шара барысында курсанттар саптық даярлық, сап түзеу және әскери әндерді орындап, саптық жаттығуларын көрсетті. Шараның мақсаты – Көкшетау техникалық институтында білім алып жатқан курсанттарға патриоттық тәрбие беру, болашақ офицерлер ретінде адалдық сезімін, еңбек және ұлттық салт-дәстүрлерді қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің 25 жылында қол жеткен жетістіктерді насихаттап, халыққа жеткізу.
Шараға жиналғандар алдында сөз сөйлеген Көкшетау техникалық институтының бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Сырым Шәріпханов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келе, еліміздің болашақ өрт сөндірушілерін тәрбиелеуде аталған білім ордасының рөлі жоғары екенін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.