Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағдырларына «Ана үйі» араша - АРҚА АЖАРЫ

Тағдырларына «Ана үйі» араша

«Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен  іскер әйелдер қауымдастығы облыс орталығында орналасқан «Ана үйінде» болып, осында тұрып жатқан жас аналардың жағдайымен танысты.

Көкшетауда орналасқан «Ана үйінде» бүгінгі күні жеті балалы  ана тұрып жатыр. Олардың бәрі де өмірде от басып, әкесіз дүниеге келген балаларын тастамай, тұрмыс тауқыметіне қарамай асырап, өсіруге бел байлаған. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, қателік жасамайтын адам болмайды. Дегенмен, ең бастысы сол қателіктен сабақ алып, оны алдағы өмірінде қайталамауға тырысу. Жас бастарынан тағдыр талқысына түскен жас аналар үшін «Ана үйі»  баспана болып отырған жайы бар.
Ана үйіне келген балалы әйелдер келісім-шарт жасайды. Онда екі жақтың міндеттері мен осында тұру ережелері жан-жақты көрсетіледі. Мұнда арақ ішу, темекі тарту сияқты жаман әдеттерге жол берілмейді. «Ана үйіне» келетін қыз-келіншектердің кейбіреулерінде құжат та жоқ. Осыған орай, оларға сәбиінің күтімі үшін төленетін жәрдемақы алуға қажетті құжаттарды дайындауға мекеме қызметкерлері көмектеседі. Мұнда аналар мен сәбилері үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Тек қиындық келтіріп отырған бір жай – «Ана үйінде» тұратын уақыттың 1,5 жыл мерзіммен шектелетіндігі. Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз қалған балалы әйелдерге тым болмаса, үш жыл уақыт балаларын бағып, күтуге мүмкіндік берілесе, дейді «Ана үйінде» тұратындар.
Жас Отан» жастар қанаты мен іскер әйелдер қауымдастығының белсенділері «Ана үйінің» жайымен танысып, кейбір түйткілді мәселелерді шешуді құзырлы органдарға жеткізетін болды.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар