Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаттық таңы атқанда - АРҚА АЖАРЫ

Азаттық таңы атқанда

Тәуелсіздік елдің нұрлы бақыты,
Әр жүректің жалын атқан жаһұты.
Елім аман, халқым тыныш тұрғанда,
Мәңгі жасар Қазақстан зор аты.

Осы жолда көрмеді  ел нені,
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Желтоқсанда шығып жастар алаңға,
Жүректерін ашу-ыза кернеді.

Ел сүйенді ардағына, еріне,
Бір жағадан бас шығарып біріге,
Жеңіп шықтық бодандықты қаймықпай,
Табыстардың көзін ашып еліме.

Тәуелсіздік! Бақыт таңы атқан жер,
Сені аңсап, бабам ойға батқан жер.
Көк байрағым биіктерде жарқырап,
Асуды алып, астық бүгін талай бел.

Елбасының саясаты өрлеп бір,
Соны ұққан халқым да ерлеп тұр.
Мойындатты әлемге елді етене,
Жақсылық қой ойлап тұрсаң өте бұл.

Көкіректе сенім оты жанады,
Қарыштады Қазақстан қадамы.
Полигонды жауып бүгін, құтылдық,
Сап тиылды аждаһаның араны.

Манифесі – Елбасының мұраты,
Әлемге әйгі болып жүр ғой сан аты.
Сүйсіндіріп Нұрсұлтаным бүгінде,
Мінберлерден қазақпыз деп тұрады.

Бауырмалдық, бірлік, достық орнатты,
Ақындар да елге жырын арнапты.
Мәңгілік Ел символыма айналып,
Қоғамымның болашағын барлатты.

Өндірісім іркілмеді, өрледі,
Жүрегімді қуанышым кернеді.
Ақмоланың диқандары ал, биыл,
Мол өнімнен бәйге алдын бермеді.

Қарт ақын алқынбастан жырлайды,
Жақсы сөзін ырымдаудан тынбайды.
Өз елімді жырламасам кіммін мен,
Азат күнмен уақыт алға зырлайды.

Жиырма бес жыл елге бақыт орнады,
«Нұр Отаным» көптің тірек, қорғаны.
Елбасының саясаты сындарлы –
Алашымның мұраты мен арманы.

Көз алдымда көзайым боп тұратын,
Әзиз халқым! Бейбітшілік ұраның.
Кең пейіл, ақ ниетіңнің  арқасы,
Алда әлі талай шыңың шығатын.

Қазағымның ауылдары түрленсе,
Шат-шадыман, берекелі түрге енсе.
Деп қоямын өзімше бір ұмытпай,
Ел жақты да басыма әр ой келсе.

Әлем бізге қызығумен қарайды,
Астанамнан алтын арай тарайды.
Біздің қазақ жақсылықтың елшісі,
Әрбір ұлтты өзіне дос санайды.

Тәуелсіздік қалыптасты, орнады,
Халқым оған бар еңбегін арнады.
Елбасы мен елі бірге мызғымай,
Болар дәйім азаттықтың қорғаны!

 

Шәмшия АЙТЖАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар