Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік жемісі - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік жемісі

Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған Тәуелсіздіктің тағылымы мен тарихы тереңде. Егемендік тек экономика мен саясатқа ғана емес, жеке адамдардың да өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс, жетістік әкелді. Әсіресе, мәдениет саласындағы жетістіктерге жетуге даңғыл жол ашты.

Тәуелсіздік жылдары заман талабына сай біраз театрлар ашылғанына куәміз. Солардың бірі – біздің  Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры. Әлі есімде, 1977 жылы Көкшетауда жалғыз ғана орыс театры болатын. Содан бері қазақ театрын ашамыз деп қаншама табалдырық тоздырдық десеңізші. Бұл арманымыз  егемендік алған жылдары ғана жүзеге асты.  1996 жылы Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклімен Көкшетауда қазақ театры ашылғанда өнерсүйер қауымның қуанышында шек болмады. Сондықтан, біз о бастан Тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатырмыз. Театр ашылған жылдары Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан бір топ түлектер жұмысқа келді.  Олардың барлығы қазіргі таңда елге танымал өнер иелері болып қалыптасты. Қазіргі таңда театр ұжымы
жастармен толығуда.
Егемендік алғаннан соң өнер ерекше түледі десем асыра айтқандық емес. Театр сахнасында ұлттық реңке қанық жаңа репертуарлар көрсетілді. Біз Тәуелсіздікке дейін тарихымызды ашық айта алмай келдік. Бұл күнде егемендіктің арқасында, елім-жерім, халқым деп жанын пида еткен Алаш арыстарының есімдері қайта жаңғырды. Оларды тірілте алмаймыз әрине және олардың орнын ешкім баса да алмайды, бірақ, кейінгі ұрпаққа осындай бабаларымыз болған екен ғой деп өткенімізді танып, мақтана аламыз. Бұл – тек қана тәуелсіздіктің арқасы екендігін екпін түсіре ерекше мақтанышпен айта кетсек артық болмас. Мәселен, биыл Шәкәрімнің 100 жылдығына орай «Шәкәрім» драмасын сахналадық. Бұл спектакль бұған дейін әртүрлі себептермен қойылмай келген екен. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қиындықты жеңіп, кейінгі қаржылық дағдарысты елемей күндіз-түні еңбектендік. Оны көзі көргендер жақсы біледі. Ал, тәуелсіздікті алғаннан кейін оны нығайту, баянды ету –  ең үлкен мәселе болды. Елбасының күндіз-түні демей атқарған жұмысының, сара саясатының арқасында біздің Қазақстан әлем танитын мемлекетке айналды. Кеше біз кім едік? 25 жыл бұрын бізді кім білетін еді? Ешкім білмейтін. Тіпті, біз шетелде өнер көрсетпек түгілі шыға алмайтынбыз. Қазіргі таңда театр труппасымен шет елдерге барып өнерімізді паш етіп жүрміз. Мәселен, 2001 жылы қыркүйек айында
Мысырда өткен әлемдік театр фестивалінен бес жүлденің біреуін иеленіп, абыроймен оралдық. 2007 жылы театр ұжымы гастрольдік сапармен Қытай Халық Республикасында болып, Іле қазақ автономиялық облысының 4 ауданы мен Құлжа қаласында өнер көрсетті. Мәскеулік және Украинаның беделді сахна шеберлері мен сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болған біздің театр Тәуелсіздік алғалы бері қазақ елі атынан, Азия мұсылман елдері арасынан тұңғыш қатысқан театр еді. Бұл да Егемендіктің арқасы емес пе!     
Бәрінен бұрын Тәуелсіздік баянды, ел аман, жұрт тыныш болса екен деп тілейміз. Ең басты жетістігіміз – тәуелсіздік. Біздің мемлекетіміздің нығаюы, біздің елімізді бүкіл дүниежүзінің тануы және толығымен мойындауы – қазақ елінің толағай табысы деп білемін.

Мұратбек ОСПАНОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар