Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ағалардан інілерге дейін - АРҚА АЖАРЫ

Ағалардан інілерге дейін

«Достар»  мәдениет  сарайында Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен  «Көкше ақын-жазушыларының балаларға базарлығы» атты жинақтың тұсаукесері өтті.

Балалар  әдебиетін дамыту бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.  Өңіріміздегі балалар әдебиетінің жүгін көтеретін  тағы да бір  жинақ дүниеге келді. Шараның ашылу салтанатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова зиялы қауым өкілдері мен   балдырғандарды  осы жағымды жаңалықпен   құттықтап, танымал ақын, әнші-сазгер Иран Тасқарамен бірге «Көкше ақын-жазушыларының балаларға базарлығы»   кітабының  тұсауын кесті.    
Аталған жинаққа  жазушы Естай Мырзахметовтың, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың,   Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің, сазгер Кәрім Ілиясовтың  және Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Қажыбаевтың, әнші-сазгер Иран Тасқараның,  ақын, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа мен  журналист Сайлау Көшкенұлының, ақын Альбина Байковская мен  қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиевтің шығармалары енген әрі композитор Ерлан Ташевтің  әндері берілген.
Жинақта қаламгерлердің қысқаша өмірбаяны мен бірнеше таңдаулы шығармалары ұсынылған.  Ал, кітаптың ажарын ашып  тұрған осы ақын-жазушылардың туындыларымен бірге, мектеп оқушыларының өз қолдарымен  салған суреттері.
Шара барасында Серік Жетпісқалиев  балаларға арнап,  олардың психологиясына сай  шығарма  жазу оңай  болмағандығын айтып өтті. Альбина Байковская өз шығармаларының дені бүлдіршіндерге арнап жазылғандығын  әңгімеледі.
Сондай-ақ, отырыста  қаламгерлердің қаламынан туған туындыларын мектеп оқушылары нақышына келтіре орындап,   өлең шумақтары мен шығармаларынан үзінді  оқып берді.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар