Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балдырғандар бал тілімен қуантты - АРҚА АЖАРЫ

Балдырғандар бал тілімен қуантты

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі. Еліміздің ертеңі бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсуі үшін балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың атқарар міндеті орасан зор.    

Осы орайда,  Көкшетау қаласындағы  «Еркемай» балабақшасында жыл бойы  балалар танымын кеңейтетін, ой-өрісін дамытатын түрлі тағылымды кештер, әртүрлі мерекелік шаралар, ойын түрлері өткізіліп тұрды. Ұлттық ойындар, ертеңгіліктер, байқауларды өткізу арқылы балалардың  қиялын, шығармашылық шабытын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту және педагогтардың педагогикалық білім, біліктілік дағдыларын көтеру басты мақсатымыз болып табылады.  
Себебі, оқу мен тәрбие бір-бірінен ажырамайтын күрделі процесс. Сондықтан мен тәрбиеші ретінде ең алдымен осыған баса назар аударамын.
Осындай танымдық шараның бірі облыс орталығындағы «Еркемай» балабақшасында болып өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, №9 «Ақ желкен» тобында «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шараға топтағы бар балдырған аса бір ыждаһаттылықпен дайындалды.  Тақырыптық сабақ барысында балалар өз еліне, өз жеріне арналған жыр оқып, жиналғандарды өз өнерлеріне тәнті етті. Сондай-ақ, отбасыларымен бірге түскен фотосуреттерінен жасалған көрме де көпшіліктің көңілінен шықты.
«Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп, жетілсін десең, ең алдымен бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың буыны бекімей жатып, ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі  қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла бас-талуы керек. Осы көріністер біздің балабақшада да жыл сайын бой көрсетіп келеді.
Нұргүл МӘДИЕВА,
 «Еркемай» балабақшасының  №9 «Ақжелкен»  тобының тәрбиешісі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар