Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеумет қолдауды сезінуде - АРҚА АЖАРЫ

Әлеумет қолдауды сезінуде

Астанада өткен тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған мазмұнды баяндаманы зейін қойып тыңдап, толқып отырып көңіл таразысына салдық. Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарына көңіл тоғайтып, келер күндердің көкжиегінен аппақ арман болып көрініп тұрған келешекке деген сеніміміз беки түсті.

Бұл шын мәнінде ширек ғасырлық тарихымызды әділет безбенімен безбендеген, айнымас, айқын баға берген аталы сөз болатын.  Ғасырлар бойы ата-бабамыз көксеген азаттығымызға қол жеткізіп, «Күлтегіннің» ескерткішінде тасқа қашалып жазылған «Мәңгілік ел» идеясын алға тартып, дамып қарыштап келе жатқан елміз. Бүгінде егемендігімізге 25 жыл толып отыр. Ұлы Дала Елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының нәтижесінде аз уақыттың ішінде әлеуметтік-экономикалық жағынан аяғынан нық тұрды. Тәуелсіздігімізге енді қол жеткізгенде басқа мемлекеттердің көбі Қазақстанның болашағына күмәндана қараған еді. Бірақ, біз біріккенде жау алмайтын қамал бола алатын халықтың ұрпағы екенімізді дәлелдей алдық. Бүгінде еліміздің экономикасы қарыштап дамып, озық елу елдің қатарына қосылдық. Әлеуметтік сала бойынша да түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, халықтың әл-ауқаты жақсаруда.
Еліміздің әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қабылдаған шаралары бүгінде өз жемісін беруде. Баршамыз жақсы білетіндей, әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан көптеген дамыған елдердің өзінде жұмыссыздық мәселесі ушығып, әлеуметтік қиыншылықтар туындап отыр. Осыған орай, елімізде азаматтарымызды жұмыспен қамтуға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» кешенді мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.
Облысымызда жұмыспен қамтудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың өзінде 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар жұмыссыз жүргендер мен әлеуметтік қиындықтарға тап болғандарға көмегін тигізуде. Шалғай ауылдарымызда бұрын болмаған наубайхана, дәмхана, автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары көптеп ашылып жатыр. Бұрын ауыл тұрғындары несиені мал өсіру үшін ғана алып келсе, қазір шағын цехтар ашып, өндіріспен шұғылданатындар көбейіп келеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарын дамыту есебінен жұмыспен қамту табысты жүзеге асып келеді. Соңғы бес жылдың ішінде екі жүзден астам нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, онда үш жарым мыңдай адам еңбекке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. Аудандарда кәсіби қайта даярлау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді орындай отырып, алдағы жылдары да биік белестерді бағындыратынымыз анық.

Дина АХМЕТЖАНОВА,
облыстық жұмыспен қамтуды
және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
 басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар