Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» республикалық жобасының аясында Достық үйінде өткен мерекелік шара «Ассамблея достарын жинайды» деп аталды.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, әрі Қазақстан халқының этно-мәдени мұрасын дәріптеу, жас қазақстандықтардың бойындағы отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді дамыту мақсатында өткізілген бұл шараны ұйымдастырған «Әулет» мектептен тыс орталығының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі болғандығын атап өткен жөн. «Шаңырақ» мектебінің оқушылары Отанымыз туралы, достық пен бейбітшілік жайындағы өлеңдерді қазақ, орыс, поляк, татар, ингуш, армян, чуваш, әзірбайжан тілдерінде мәнерлеп оқып берді.
Руслан Найкин, Ульяна Корниенко, Алина Мороз, Лианна Саакян, Регина Савченко сынды «Шаңырақ» мектебі оқушыларының өлеңдерін көпшілік сүйсіне тыңдап, қошеметпен қол соғып қабылдады. Ал, Кәмила Жұмабекова мен Айсара Сералина жиналғандарды неміс және кәріс тілдерінде құттықтады. Ильхам Байрамов пен Минара Руфуллаеваның орындауындағы әзірбайжан биі, Мери Додоянның «Қазақстан» әні де жұртшылық тарапынан жоғары баға алды.
Бақыт МҰХАМЕДРАХИМОВА-ТАСОВА,
«Қоғамдық келісім» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
баспасөз хатшысы.