Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шешімін тілейтін мәселелер көп - АРҚА АЖАРЫ

Шешімін тілейтін мәселелер көп

Облыстық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің қатысуымен партияның депутаттық фракциясының индустриалдық-инновациялық және аграрлық секторының отырысы өтті. Онда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және фракцияның  мүшесі «Сандықтау оқу-тәжірибелік орман шаруашылығы» мекемесінің басшысы Ғалымбек Баймышевтің есебі тыңдалды.

Баяндамашының айтуына қарағанда, комиссия мүшелері есептік кезеңде 3 мәжіліс өткізген. Онда Атбасар және Қорғалжын аудандарында мал шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешендерінің даму әлеуеті, облыстағы аңшылық шаруашылығының жайы және тұрақты комиссияның  2017 жылы атқаратын жұмыстарының жоспары талқыланған.
Мәселелерді талқылаудың алдында осы салаларға қатысты білікті мамандарды шақырып, тексеріс жүргізілген. Бұл ретте, комиссия мүшесі  Ғалымбек Баймышев үш аймақтың 9 кәсіпорнында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардағы түйткілді мәселелерді анықтап, туындап отырған сауалдардың шешімдерін табумен және жұмысты дұрыс жолға қоюмен айналысқан.  Аудандарда жұмыс өз деңгейінде жүргізіліп, өсу үдерісі бір қалыпта екендігі анықталған. Алайда, Атбасар мен Қорғалжын аудандарында бірқатар кемшіліктер орын алыпты. Мәселен, осы
аудандарда мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдіргендер көп, бірақ, несие алуға өтініш берушілердің басым көпшілігі несие беру талаптарына сәйкес келмейтін болып шыққан. Мысалы, сұратылып отырған сомаға қажетті кепілге қойылатын мүліктің болмауынан  несие алуға мүмкіндік жоқ. Бұл орайда, олар бар мүлігін кепілге қойса да, несие беретін ұйымдардан қажетті сомасының елу пайызын ғана ала алады екен. Егер бұл мәселе шешілсе, Атбасар сияқты ірі аудандарда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша көрсеткіштер төмен болмайды. Сол сияқты өңірлерде мал шаруашылығын дамытып, оның өнімдерін өңдеуге инвестиция нашар тартылып жатқандығы да сөз болды. Отырыста аудан әкімдеріне бірқатар ұсыныстар жасалды және олардың орындалуы комиссияның бақылауында ұсталмақшы.
Ғалымбек Баймышевтің айтуынша, заңсыз аң аулап ұсталғандардың азаймай тұрғандығының басты себебі – оларға салынатын айыппұлдың төмендігінен. Аңшылық шаруашылығындағы заң бұзғандарды жауапқа тартуға егерлердің құзыреті жоқ. Бұл да браконьерліктің белең алуына жол ашуда. Сондай-ақ, оларды материалдық-техникалық жағынан қамту жайы көңіл көншітпейді. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 40-45 мың теңге екен. Соның салдарынан болуы керек, орман шаруашылығы саласында білікті мамандар тапшы. Мәжілісте Ғ.Баймышевтің баяндамасында көтерілген өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру қажеттігі баса айтылды.
Мәжіліс соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов осыдан бір ай бұрын үш баламен 18 шаршы метрді құрайтын бөлмеде тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі Еркін Ғаббасовтың пәтер алуы-
на қол ұшын беру жөнінде бастама көтерілгендігін, оны облыстың барлық депутаттары қолдап, бір айдың ішінде есепшотқа 4 миллион теңгеден астам ақша жиналып, аударылғандығын айтты.  
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар