Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала жүректердің құштарлығы - АРҚА АЖАРЫ

Бала жүректердің құштарлығы

Ел тәуелсіздігіне 25 жыл толуы құрметіне  Көкшетау қаласындағы қазақ бастауыш мектебінде «Елбасы – ел тірегі» атты тақырыпта зияткерлік сайысы болып өтті.

 

Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде қашанда осындай іс-шаралардың, кештер мен ертеңгіліктердің, тәрбие сағаттары мен ашық сабақтардың маңызы зор екендігі айқын. Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, оларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Танымдық интеллектуалды ойын түрінде өткен сабақта «Сұрақ-жауап», «Бәйге», «Тіл өнері», «Жорға» аталымдары бойынша 3 «а» мен 3 «ә» сыныптарының оқушылары өз білімдерін сарапқа салып, өзара бақ сынасты.  Атап айтсақ, Әдия Алдан, Асанәлі Аяпов, Санжар Даньяров,  Әли Дуамбай, Нұрая Сапар, Аяулым Сәдуақасова, Ибрагим Кучумов, Нұрасыл Қыдырбай есімді оқушылар  жоғары білім деңгейін көрсетуге тырысып бақты. Аталмыш зияткерлік сайыстың балаларға берер тәлімі мол болды. Сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияның әдіс тәсілдері қолданды. Балалардың білім деңгейін сарапқа салған мектептің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Күлзайып Білімқызының ұйғарымымен сайыстың жеңімпазы болып Әли Дуамбай марапатталды.
Салтанат соңында  мектептің ғылыми әдістеме жетекшісі Марал Тыныштыққызы сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегін баса айтып, білім сайысына қатысқан оқушыларға жүрекжарды тілегін жеткізді. Бас-тауыш сыныптан бойына елжандылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып өскен балдырғандар Қазақстанның болашағы һәм тірегі болады деуге әбден негіз бар.

Кенжегүл ШАМИҒАНОВА,
бастауыш сынып мұғалімі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар