Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар арманының аралы - АРҚА АЖАРЫ

Балалар арманының аралы

Мұхитдин ТӨЛЕПБАЙ,
республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының директоры

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мерекелік құттықтауында қоғамның тарихи қысқа мерзімде қарыштап дамығанын, бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделінің қалыптасқанын жүйелеп көрсетті. «Жалпы халықтың қалауымен құрылған Халық ассамблеясы барлық ұлтты қанатының астына алып, басын біріктіре білді. Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақстандықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық», – деді Қазақстан Президенті. Бұл «Балалар арманының аралы» атанып кеткен Қазақстан Артегіне де қатысты айтылған баға деп санаймыз.
Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен бой көтерген шаттық мекені тәуелсіз мемлекетіміздің бүлдіршіндерге жасаған баға жетпес базарлығы десек жарасады.
Бүгінгі күні «Балдәурен» ТМД елдері мен Орталық Азия аймағындағы балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға қажетті барлық жағдайды жасаған бірден-бір мекеме саналады. Жыл бойы үздіксіз қызмет атқаратын орталық әр
ауысымда 300 баланы қабылдайды. Жалпы, он алты тақырыптық ауысымда еліміздің 4608 жасөспірімі мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі кластерлік тәрбие жүйесінен өтеді. Мұнда балалардың толыққанды демалысын ұйымдастыру, олардың бойында білім мен креативті ойлау қабілеттерімен қоса, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру қарастырылған.
Президенттің болашаққа бағытталған міндеттерінде жастар тәрбиесіне үлкен маңыз артылады. Орталығымызда жауапты іспен 82 педагог айналысады. Соңғы жылдары бізде отыздан астам оқу-әдістемелік құрал дайындалғаны мұғалімдер біліктілігінің жоғары екендігін айғақтайды. «Балдәурен» мектебіндегі мұғалім – ақпараттық-коммуникативтік, пәндік-модульдік оқыту технологияларын жетік меңгерген, уақытпен санаспайтын тәрбиеші, әмбебап ұйымдастырушы-ұстаз. Ал, кітапхананың бай қоры білім көкжиегін кеңіте түсетіні белгілі. «Балдәуренді» заманауи ғылыми орда қатарына қосатын шаралар тізбегі де сан алуан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Балдәуренге» арнайы келіп, «Достықтың алтын көпірі» атты тақырыптық ашық сабаққа қатысуы ертеңгі болашағымызға, орталықтың қызметіне ерекше көңіл бөлетінінің айғағы.
Болашаққа қызмет ететін орталықтың ұжымы Елбасының: «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, гүлденген, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деген сөздерін ту етіп, асқақ ұстайды.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар