Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған төрт жұмыс бағыты бар.
Ол – мұсылманша сауат ашу, уағыз-насихат, жастарды жат ағымдардан сақтандыру және қайырымдылық тұрғысындағы шараларға бас-көз болу. Жылдың қорытындысы бойынша Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы республикамыздың өкіл имамдарының басын қосып, төралқа мәжілісін өткізген еді. Мәжіліс соңында өңірлерде жоғарыдағы төрт бағыт бойынша үздік нәтиже көрсеткен имамдардың жұмысы бағаланды.
Ақмола облысы бойынша Целиноград ауданы Төңкеріс ауылындағы мешіттің имамы Бекболат Хасенұлы Бас мүфтидің Алғыс хатына ие болды. Алғыс хатты 16 желтоқсан – Тәуелсіздік және қасиетті жұма күні облыстық Науан Хазірет мешітінде өкіл имам Қанат Қыдырмин табыстады. Жұма намазына жиналған жамағат ішінен ақсақалды аталар да өздерінің ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін аянып қалған жоқ.
Маржан ТӨЛЕУҒАЖЫҚЫЗЫ.