Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ең бастысы, құрылыс сапалы салынуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Ең бастысы, құрылыс сапалы салынуы керек

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Мұқанов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, осы сала бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап берді.

Басқарма басшысының айтуынша, басқарма облыс аумағындағы салынып жатқан құрылыстардың сапасы мен рұқсат құжаттарының болуын қадағалап, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдары және құралдарының жобалық шешім мен мемлекеттік нормаларға сай болуына бақылау жүргізеді.
– Осы мақсатта ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша лицензиялаудың электрондық-сандық порталында құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны жөнінде  678 ескертпе түскен. Оның 206-сы мемлекеттік болса, қалғаны жеке адамдардан. Оларды қарау барысында тиісті рұқсат құжаттары болмаған 235 ескертпе тізілімнен шығарылды, – деді Нұржан Мұқанов.
Жалпы, брифинг барысында айтылғандай жыл басынан бері 358 тексеріс жүргізілген. Осының нәтижесінде қолданыстағы заңнама нормалары талаптарының бұзылуын жою туралы 180 жағдайда жазбаша ескерту жасалынған. Оған қоса, 192 жағдайда әкімшілік іс қозғалған.
Сонымен қатар, басқарма басшысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп берді. Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап, құрылыс нысандарын пайдалануға беру рәсімі оңтайландырылып отыр. Мәселен, бұрындары салынып біткен нысанды мемлекеттік органдар, өрт қауіпсіздігі қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі,  сәулет және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының өкілдерінен құралған комиссия қабылдап алса, қазір тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау органдарының актісімен рәсімделеді.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар