Тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында аудан орталығында «Мəңгілік Ел» аллеясы ашылды. Ол Зеренді селосының ең əсем тұсында орын тепкен.
Аллеяның ашылу салтанатына аудан əкімі Асқар Мұратұлы, аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, қоғамдық жұртшылық өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– «Мəңгілік Ел» – Ұлы дала елінде өркен жайған ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы. Бүгінде біздерге «Мәңгілік Ел» мұратын ойдағыдай жүзеге асырып, одан әрі өміршең ету міндеті жүктеліп отыр. Бұл бағытта ауда-нымызда нақты жұмыстар атқарылуда. Оның нәтижесін өздеріңіз күнделікті көріп жүрсіздер, – деді аудан әкімі жиналғандарға құттықтау сөзінде.
Салтанатты шарада сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Күлəш Рақымжанова сөз алып, аға ұрпақ өкілдері атынан өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Бұдан әрі ауданның құрметті азаматтары Мұхит Қабдөшев пен Валерий Шаров аллеяның лентасын қиды.
Салтанатты шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Аслан Оспанов.
Зеренді ауданы.