Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеу-ге қол ұшын созу мақсатында қайырымдылық аукционы өткізілді.
Адам баласының бойындағы ең асыл қасиет – мейірімділік. «Мейірімділік әлемді құтқарады» деп тектен-тек айтылмаса керек. Аталмыш қайырымдылық аукционына аудан әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов осындай қайырымдылық аукциондары өңіріміздің әр аудандарында өту қажеттігін, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халықтың ұрпағы екендіктерімізді естен шығармай, мейірімге мұқтаж жандарға көмектесу әр адамның борышы екендігін айтып, аукционға белсене қатысуға шақырды. Содан кейін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген Қазақстанның қайырымдылық форумына қатысқандығы үшін арнайы сертификатты Қазақстан халқы Ақмола ассамблея-сы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықоваға, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменкоға, «Ақсай нан Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Зиядин Зайытханға, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Марат Жұмабековке, «Сейнұр» серіктестігінің директоры Райхан Сейдалинаға және қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фатих Экиджиге табыс-тады.
Аукцион қатысушыларына жиырма лот ойнатылып, қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларын сатудан түскен ақша Ернұр Жеңіс, Артур Грищук, Мәдина Әубәкірованы емдеуге жұмсалатын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.