Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үштілді білуге талпынуда - АРҚА АЖАРЫ

Үштілді білуге талпынуда

Облыс орталығындағы №7 «Айша» балабақшасында үш тілде білім беретін екі топ жұмыс істейді. «Кішкентай Мук» пен «Алладин» топтарының бүлдіршіндері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алып, әртүрлі мәдени шараларда өздерінің қабілеттерін ортаға салып, көпшілікті тәнті етіп жүр.

Таяуда ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, «Кішкентай Мук» ересектер тобында «Үштілділік патшалығына саяхат» атты тақырыпта ертеңгілік қойылымы болып өтті. Балалар «Үйшік» ертегісін тәрбиеші Жәмила Кеңесқызының да-йындауымен қазақ тілінде, «Бауырсақ» ертегісін тәрбиеші Жарқын Тілегенқызының ұйымдастыруымен орыс тілінде, ал, «Қызыл телпек» ертегісін ағылшын тілінің мұғалімі  Меңда Құралайдың жетекшілігімен қуыршақ театрының көмегімен ойдағыдай сахналап шықты.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын мен қиялдан туған ертегі  арқылы баланың ойы тез жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын  үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойындар ертеңгіліктер, қызықты ашық сабақтар арқылы  қалыптасады ғой. Батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты қабілеттер бала бойында дамиды.
Театрландырылған көрініс, ән мен би балғындарға  ерекше көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар мен көрерменнің алдында өнер көрсеткен талабы мол талантты бүлдіршіндердің өнерге, білімге деген құштарлығы көз қуантты. Талабы таудай,  қабілеті  мол  жауқазындар қатары көбейіп  жатса,  ұлтымыз  үшін  мақтаныш, еліміз үшін  абырой.  Дарынды  баланың  бойынан  табылатын  асыл  қасиеттердің  кілті – мыңды  жығатын  білімінде. Балабақшадан бастап үштілді меңгеруге талпынған балғын жүректі бүлдіршіндердің өнерлерін көріп сүйсінген ата-аналар да балабақша ұжымы мен тәрбиешілерге зор ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

«Кішкентай Мук » тобының ата-аналары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар