Ел тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Көкшетау қалалық мемлекеттік мұрағаты мен Краснояр ауылдық кітапханасы бірлесіп, «Тұңғыш Президент: 25 табысты жыл» атты тақырыпта танымдық мәдени шара ұйымдастырды.
Салтанатты шарада Краснояр ауылдық округі әкімінің орынбасары Ардақ Тасқынбаев сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Көкшетау қалалық мемлекеттік мұрағатының директоры
Тасболат Кәкпенов егеменді еліміздің толайым табыстарын тілге тиек етіп, жүрекжарды тілегін жеткізді. «Көкшетау – тәуелсіздік жылдарында» атты деректі фотокөрме экспозициясын ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Күлшат Мұңбаева таныстырды. Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің күшімен дайындалған электронды кітаптың тұсаукесерін көрермендер назарына ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің маманы Марат Жүнісов ұсынды.
Жиналған қауым назарына кітапхана қызметкерлерінің дайындаған «Тұңғыш Президент. Тәуелсіз Қазақстан» бейнеролигі, «Мәңгілік Ел үшін!» әнінің бейнебаяны, «Елбасы жазған және Елбасы жайлы жазылған әдебиеттерге» слайд-шоу көрсетіліп, көрермендерді бір серпілтіп тастады.
Әлия БӘЙТЕНОВА,
кітапхана меңгерушісі.