Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жылдық кәдесыйлар - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жылдық кәдесыйлар

«Қоғамдық келісім» мекемесінде жаңа жылдық шырша жағылып, көкшетаулық қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылған «Жаңа жылдық кәдесый – 2017» атты дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жаңа 2017 жылдың қарсаңындағы жыл сайынғы дәстүрлі жаңа жылдық жәрмеңке аясында өткен іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы халықтық сәндік қолданбалы шығармашылық шеберлерінің қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылыпты. Іс-шараның басты мақсаты – халықтық сәндік-қолданбалы өнер, шығармашылық шеберлерінің қызметін дәріптеу, облыста тұрып жатқан халықтың өзіндік алуан түрлі мәдениетін сақтап қалуға оң ықпал ететін дарынды шеберлерді қолдау. Жәрмеңкеде қауымдастық шеберлерінің қолданбалы жұмыстарының ерекше жаңа жылдық сыйлықтары ұсынылды.
Мұнда алдағы жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын Кенжебай Смағұлдың қолынан шыққан біз кестемен тігілген тұскиіз, түрлі қалыптағы қыз-келіншектердің косметикалық бұйымдарын, ұялы телефондарды  салатын ұлттық нақышта тігілген қалташалар мен сөмкелер, шиден тоқылған кілемшелер мен гобилендер қойылыпты. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы Монғолиядан көшіп келген отбасы ата-бабасынан келе жатқан ұлттық өнерді ешқашан да ұмыт қалдыруға жол бермеген. Бүгінде Кенжебай апай мен оның қызы Бақытгүл бос уақыттарында осы іспен шұғылданады. Арнайы тапсырыстар болғанда бешпент, тақия, той қалталарын  тігеді.  Сондай-ақ, бес саусағынан өнер тамған шебер, ақын Людмила Безгачеваның шеберлік бұйымдарын да ерекше атап өтуге болады.
–Бисерден түрлі қалыптағы естелік бұйымдарын жасаймын. Осыдан ерекше рахат алып, демаламын. Кесте тігіп, қуыршақ тоқып, шеберлік жұмыстарымен айналысып отырғанда шығармашылық шабытым оянып, түрлі өлеңдерім дүниеге келді. Қолданбалы өнер шеберлеріне ең бастысы төзімділік пен ерекше фантазия керек, кейін  қолыңнан шыққан дүниені көргенде ерекше сезімге кенелесің, – дейді ол.
Жәрмеңкеде сонымен қатар, суреттер салынған түрлі қалыптағы кәдесыйлық сабындар, қолдан тігілген және тоқылған қуыршақтар, кестелі орамалдар, кес-теленген суреттер, сәндік бұйымдар қойылды.  Жәрмеңке ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін «Қоғамдық келісім» мекемесінің көрме залында өтеді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар