Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдын алу – міндет - АРҚА АЖАРЫ

Алдын алу – міндет

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні шеңберінде әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы   департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  құқықтық қамтамасыз ету және ереже стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл іс-шараға «Нұр Отан» партия-сы Көкшетау қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сайлаубек Жанашев,  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің сарапшысы Алтынай Арапова және басқа да жауапты тұлғалар қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау әрекеттері жайында пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының  нормалары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жайы талқыланды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл орайда, мемлекеттік қызметкерлердің алатын орны ерекше, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сайлаубек Жанашев.
Жанар ЕРЖАНОВА,
Ақмола облысы бойынша
«Әлеуметтік төлемдерді  ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының
орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар