Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлесе көтерген жүк жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы күрес және апаттан құтқару жұмыстары қызметі мен Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде көп қабатты үйлердегі апатты жағдайларда орын алатын кедергілер мен қиындықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шарада негізінен Көкшетау қаласындағы апаттық, құқық қорғау, жедел медициналық көмек, газ және электрмен қамтамасыз ету қызметтерінің, кондоминимум нысандарының қалалық өртке қарсы күрес горнизонымен өзара әрекеттестігі мәселелері қаралды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлерде орын алуы мүмкін өртті сөндіру кезінде қызметтердің жеделділігін қамтамасыз ету, адамдардың өліміне және жарақат алуларына жол бермеу. Осындай  маңызы зор диалогтік алаңда көппәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі нормаларына сай болуын қамтамасыз ету, мәселен, кіре-беріс жолдарының, подвалдардың, шатырдағы жайлардың жағдайы, ауа баптағыш жүйелері мен эвакуациялық жолдардың жай-күйі, сонымен қатар, кондоминимум нысандары мен жергілікті полиция қызметтерін пәтер иелері туралы мәліметтермен қамту мәселелері жан-жақты айтылды. Баяндамашылар шараға қатысушыларға өрт сөндіру құрылымдарының тілсіз жаумен күресу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көппәтерлі тұрғын үйлерде орын алатын көптеген келелі мәселелерді жеткізіп, бұрын болған мысалдармен айтып берді. Сондай-ақ, диалог барысында аталған қызметтердің өзара әрекеттестігі мен олардың жауапкершіліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің бірқатар талаптары келтірілді.
«Көкшетау Транс Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Б.Әшіров облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерде тұрғындарды орталықтандырылған және тұрмыстық газбен қамтамасыз ету саласында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді, газбен жабдықтау құрал-жабдықтарын дұрыс орнатпаған немесе орындарын ауыстырғанда орын алуы мүмкін қауіптер  туралы жан-жақты баяндап берді.
Іс-шараға қатысқан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы күрес және апаттан құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Артур Родичкин, Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Михаил Орешкин баяндамашылардың көтерген мәселелеріне өздерінің пікірлерін қосып, тиісті қызметтерге тапсырмалар берді.  Шара соңында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел жою барысында жоғарыда аталған қызметтердің өзара әрекеттестігінің арқасында адамдардың өлімі мен материалдық шығындардың азаятындығына назар аударылды. Осы орайда, бұл саланың қызметкерлері апаттың алдын алу бағытында  бірлесе жұмыс істеуінің маңызды екендігі атап өтілді.
Амангелді ДОСКЕНОВ,
облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің күш-құрылымдарын
жедел басқару орталығы
бастығының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар