Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыс аумағында 52 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
– Аталмыш әріптестік жобалау, қаржыландыру, құрылыс, қалпына келтіру, пайдалану немесе инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсету мақсатында тәуекелдікті тең тарату жағдайында мемлекет жауапкершілігі жүйесіне қатысты мемлекет пен әр саладағы жекеменшік секторының өзара бірлесе жұмыс істеу формасы болып табылады.
Мемлекеттік-жекеменшік жобаларының мақсаты – инфрақұрылымды дамыту және қызмет сапасын арттыру үшін жекеменшік капиталын тарту. Инвестиция тарту жөніндегі жаңа бюджет саясаты концепциясының аясында 2016-2018 жылдары әріптестік жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы, – дейді Қанат Дүзелбаев.
Өңірде 21,6 миллиард теңгеге бағаланған 52 жобаның тізімі жасалып, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 11 жоба, екінші кезеңде 30 жоба, үшіншісінде 11 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған. Оның ішіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларының арасына құрылыс, қалпына келтіру немесе 28 балабақшаны жөндеу кіреді.
Мәселен, Целиноград ауданының орталығында 280 орындық балабақша құрылысының жобасы бойынша ашық конкурс өткізіліп, әлеуетті инвесторы анықталды. Жоба бойынша мемлекеттік міндеттеме мәслихат сессиясының шешімі бо-йынша қабылданып, 22 қарашада жекеменшік әріптестігімен келісім-шарт жасалды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі біздің өңір мен Қазақстанның дамуына үлкен серпін береді. Қазіргі заманғы мемлекеттегі бизнес экономиканың дамуында, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда, тұрғындарды сапалы тауарлармен және қызметпен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.