Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электронды тіркеудің артықшылығы көп - АРҚА АЖАРЫ

Электронды тіркеудің артықшылығы көп

Облыстық сотта сот жүйесінде  қолданылатын жаңа электронды технологиялармен таныстыру шарасы  өтті. Шараға қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заң үстемдегін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесінің алдына 11 міндет қойылған еді. Солардың қатарында барлық сот үдерістеріне дыбыс және бейнетіркеу жүйесін енгізу бар. Бұған қалай қол жеткізуге болады?
Облыстық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов осы жайында жан-жақты  айтып берді. Сот төрағасының  айтуынша, бүгінгі күні облысымыздың аумағында барлық  сот залдары жүз пайыз дыбыс және бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен жеделдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
 Үстіміздегі жылдың он айы ішінде  «Электронды сот кабинеті»  арқылы 19983 құжат, оның ішінде 17646 талаптар мен арыздар тіркелген. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды  қорғау бөлімінің басшысы Асхат Мақышев «Сот кабинеті» сервисінің  тиімділігіне тоқталып, азаматтар үйінен шықпай, интернет желісі арқылы өзіне қажетті арыздар мен өтініштерді жазуға, сот шешімдерімен танысуға мүмкіндік алғандығы туралы айтты.
Сот қызметінің сапасын жақсарту мақсатында сот отырыстарына қатысушылар арасында online-сауалнамалар өткізіліп  тұрады.  Биылғы жылы  сауалнамаға қатысушылардың  87 пайызы осындай ақпараттық технологиялар енгізгеннен соң  сот төрелігінің  қолжетімді болғанын растайды. Олардың 82,2 пайызы  соттардың ашық деңгейінің  қанағаттандыратынын, 84,4 пайызы дыбыс және бейнетіркеу жүйесін қолдану істерді қараудың сапасын арттыратындығына сенім білдірген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар