Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң арқылы тосқауыл қойылуда - АРҚА АЖАРЫ

Заң арқылы тосқауыл қойылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Қасенов журналистермен дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өткізді.

Дін атын жамылып елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін экстремистік ұйымдар біздің елімізде де әр аймақтан бой көтеріп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, адамдарды, әсіресе, оң-солын дұрыс танымаған жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау, экстремистік әрекеттердің заң шеңберіндегі келтіретін залалдары жайында айтып түсіндірудің маңызы зор. Болат Қасеновтың айтуынша, облыста тіркеліп жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктердің ең көбі ислам дінін ұстанушылар екен.  Қазіргі күні облыс аумағында 122 ислам дінін ұстанатын бірлестіктер заңды тіркеліп, жұмыс істеуде. Үлкен елді мекендерді былай қойып, шалғай ауылдарда да мешіттер ашылуда. Мешітке баратындар қатарында жастардың көптігі  қуантады. Дегенмен, таяқтың ең ұшы болатыны сияқты, бұл жағымды құбылыстың жағымсыз жағы да бар болып отыр. Сәләфи, уахаби сияқты теріс ағымдардың өкілдері тарапынан мешітке жаңа келген жастарды азғырып, өз қатарларына тарту әрекеттері жиі көрініс беріп жатады. Осы орайда, мешіт имамдары қолданыстағы заңдар шеңберінде олардың теріс әрекеттеріне тосқауыл қоюы қажет. Бұл бағытта дін істері басқармасы жергілікті мешіт имамдарымен мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Биылғы жылы имамдармен үш семинар өткізілген.
Облыс аумағында бүгінгі күні тіркеліп, заңды жұмыс істеп жатқан 70 миссионер бар. Тек заңды құжаты бар миссионерлер ғана уағыз жүргізе алады және ол белгіленген арнайы орында жүргізілуі тиіс. Заң шарттарын бұзғандар түрлі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке  тартылады. Діни әдебиеттерді тарату соған арнап жарақталған арнайы орындарда немесе дүңгіршектерде жүзеге асырылады. Облысымыздың аумағында осындай екі дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ, діни әдебиеттердің бәрі Дін істері комитеті жанындағы сарапшылар кеңесінің сараптамасынан өткізіледі.
Кездесу соңында дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Қасенов журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар