Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Атқарылған жұмыс аз емес» - АРҚА АЖАРЫ

«Атқарылған жұмыс аз емес»

Өзге аудардармен бірге, облысымызда Целиноград ауданының да экономикасы жыл өткен сайын өркендеп келе жатқаны қуантарлық іс. Біз осы астаналық өңірдің әкімі Мәлгаждар Сәттарұлы Тәткеевке арнайы жолығып, жыл қорытындысы бойынша пікір алмасқан едік.

2016 жыл біздің еліміз үшін мейлінше нәтижелі болды. Бірінші кезекте сөзіміз дәлелді болуы үшін, егін шаруашылығы бойынша ой бөліскім келеді. Біздің шаруашылықтардың жинаған астығы 286,6 мың тоннаға жетті. Әрбір гектардан 12,1 центнерден сапалы дән алынды. Целиноград ауданының жалпы өнімі үстіміздегі жылы 21,6 миллиард теңгені құрады. Бұл – 145,2 пайыз.
– Мал шаруашылығы саласы қалай дамып отыр?
– Ауыл шаруашылығы өнімдері астаналық тұрғындар үшін үлкен сұранысқа ие болуда. Біздегі атақты «Родина», «Ақмола-Феникс» кәсіпорындарының өнімдеріне жұртшылық риза. 11 айдың ішінде ет өндірісін 152,1 пайызға жеткіздік. Сүттің деңгейі 102,9 пайызға өсіп отыр.
– Инвестиция бойынша Целиноград ауданының қазынасына облысымыз, одан қалды үкіметіміз үнемі қомақты қаржы құйып келеді. Олар қалай игерілуде?
– Бұл сұрақтың маңызы зор дер едім. Өткен күз айында ғана біз Тайтөбеде құны 753,416 миллион теңге тұратын 300 орындық жаңа мектеп салдық. Дәл осындай әлеуметтік маңызы бар мекеме 96-разъезде де салынды. Жалпы, ауданда бой көтеріп жатқан түрлі құрылыс нысандары көпшілікті риза етіп ынтықтырып отыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген адамдар Астанаға қоса, Целиноград ауданына да тұрақтауды мақсат тұтуда. Сондықтан, ел арасында мектеп, балабақша жөнінен сұрақтар жиі көтеріледі. Сол себепті, біз тағы да Қосшы, Талапкер мен Қараөткел ауылдарында әрбіреуі 280 баланы қамтитын балабақшалар салуды қолға алмақшымыз.
– Аудандағы өткір мәселелердің бірі – ауыз су екені белгілі. Осы жөнінен не  айтасыз?
– Су шаруашылығы бойынша қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан орталығы Ақмолда ең күрделі мәселе осы болатын. Қосшы да бізге біраз салмақ түсірді. Қазір құны 884,898 миллион теңге тұратын су құбыры қайра жөнделіп жатыр. Ол Қорғалжынның Сабынды ауылының жанынан өтіп жатқан Нұра өзенінен тартылу үстінде. Мемлекеттік экспертиза бойынша бірнеше жобалық-сметалық құжаттар жасадық. Қаражар ауылына тартылатын су құбырының құны 651,279 миллион теңге. Оразақ пен Р.Қошқарбаев елді мекендері бойынша да осындай жұмыстар атқару қарастырылған.
–Ауданда көптеген үйлер салынды. Әсіресе, 2015 жылғы табиғат апаты – топан судың астында қалған үйлердің жарамсыз болуы, халықтың қатты үрейленгені есімізден кетпейді. Соның бәрін сабырлылықпен шешкен кісілердің бірі сіз болатынсыз.
 – Көңіліңізге рахмет! Шын мәнінде бұған Ақмола облысының әкімі
Сергей Витальевич Кулагиннің, оның көмекшілерінің қосқан үлесі бәрінен де зор дер едім. Қос пәтерлі 100 үйді Оразақта тұрғыздық, Ақмол мен Қосшыда бір-бірден 5 қабатты үйлер салынды. Халықтың көңілі тынышталғанын өзіңіз көрдіңіз. Бәрінен бұрын тұрғызған нысандарымыз сапалы болғанына қуанамын. Қыстың қандай ызғарында бірде-бір үйдің немесе пәтердің суықтан аңырап кетпегеніне тұрғындар риза. Біз мұсылман баласымыз. Ақмолдағы «АЛЖИР» мұражайына алыс-жақын шетелдерден келетін діндар адамдар мешіттің жоқтығын талай рет ауызға алды.
Бүгінгі салынып жатқан мешітіміз сол кісілердің сұрақтарына берген жауабымыз деуге болады. Құдай қаласа, жазда елді қуантамыз ба деп отырмыз. Оның 300 орындық асханасы бар. 500 ер кісі, 100 әйел адам бір мезгілде намазға жығыла алады. Үнемі кеңсе жалдап тұратын Целиноград ауданының мекемелері жаңа әкімдік ғимаратына көшті. 5 қабатты жаңа мекеме 2007 жылдан бері аудан орталығына айналған Ақмолдың дәл ортасында орналасқан. Оған қоса біз Астанадан көшіп келген кісілерге жаңа үйлер салып бердік.  Электр қуаты, интернет жүйесі, жол бойынша қыруар жұмыстар атқарылып жатыр.
Жаһандық күйзелістер көптеген елдерді қамту үстінде. Бірақ, Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біз өзіміздің жолымыздан жаңылған жоқпыз. Қай сала болсын өзінің өрісін кеңейту үстінде. Ауданымызда «Бизнестің жол картасы-2020», «Аймақтарды дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жобалық маңызы бар жұмыстар үзіліссіз жүргізілуде.  Алдағы Жаңа жыл берекелі болатынына сенемін. Бәрінен бұрын халқымыз аман болып, ізгі мақсаттарға қол жеткізе берсе екен деп тілеймін.
– Әңгімеңізге рахмет!

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,
арнайы «Арқа ажары» газеті үшін.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар