Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополия және бәсекелестікті қорғауды реттеу жөніндегі комитеттің облыстық департаменті жаңа жылдан бастап нарықтың кейбір саласын реттеу және «қоғамдық маңызды нарық» мағынасын тәжірибеге енгізу мәселесі жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған өткен жылғы Жолда-уында белгіленген тапсырмасын орындау аясында экономиканың барлық секторында нарықтық баға қалыптастыруға одан әрі көшу қолға алынды. Департамент басшысының орынбасары Әсет Құрашев өз сөзінде жаңа жылдан бастап темір жол транспорты, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімінің өндірісі, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникация мен пошта байланысы, газ тәрізді реттелетін рынокта мемлекеттік баға реттеле бастайтынын айтты. Бұл Қазақстан Республикасы бәсекелестік саясатының қадағалау қорытындысы бойынша ұсынылған Экономикалық даму әріптестігі ұйымының ұсынысына сәйкес келеді. Реттеу жүйесін реформалау бағалаудан монополияға қарсы реттеуге көшу жолымен өткізіледі. Сонымен қатар, реттелетін рыноктарда баға реттеуді тоқтату ел экономикасына мультипликаттық тиімділік әкелетін кейбір салалардың рынок субъектілері ұсынатын қызмет бағасының ретсіз өсуіне белгілі тәуекелділікке немесе әлеуметтік келіспеушілікке душар етуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі газ, темір жол транспорты, азаматтық авиация, электр энергетикасы тәрізді қоғамдық маңызды рыноктарда талдау жасады.
Газ саласындағы тауарлы газ және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы келетін сұйық мұнай газы 2020 жылға дейін бөлшектеп сатылады. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік қатынайтын темір жол транспортымен жүк тасымалдау, вагондар операторының және жүк вагондарын жалға ұсыну қызметтерінен өзге темір жол транспортының жүк тасымалдау, локомотивтік тіркеу қызметі, сондай-ақ, азаматтық авиация мен электр энергетикасы салаларындағы қызметтер де 2020 жылға дейін көрсетіледі.
Рамазан Т3леуов.