Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнеркәсіптік аймаққа айналып келеміз - АРҚА АЖАРЫ

Өнеркәсіптік аймаққа айналып келеміз

Биылғы жылы өнеркәсіпте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, Жаңа жылға лайықты табыс-тармен қадам басқалы отырмыз. Мұндағы негізгі үлес металлургия, химия, машина жасау, резина және пластмасса өнімдерінің өндірісі салаларында жұмыс істейтін өңірдің ірі және орта кәсіпорындарына тиесілі.

Өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, бұрынғы өндіріс орындары жаңғыртылды. Құс шаруашылығы дамып, республикада өндірілетін жұмыртқаның 20 пайызына жетті. Өндірістік кешенге тау-кен металлургиялық комбинаттары, машина жасау кәсіпорындары, уран мен молибден өндірісі, химиялық өнеркәсіп пен азық-түлік тағамдары мен сусын өндірісі кәсіпорындары жатады. Табиғи ресурстарға бай қолайлы аймақта орналасқан облыста туристік бизнес дамуда. Демалыс аймағы индустриялық әрі адамдар көп тұратын өңірлерге жақын ыңғайлы жерден орын тепкен. Өңір Қазақстан бойынша астықтың отыз пайызын, подшипниктердің жүз па-йызын, жүк автокөлігінің қырық пайызын, алтынның отыз пайызын, ішімдіктің қырық бес пайызын, сусын мен ұнның ширек пайызын өндіреді.
2016 жылы облыста Индустрияландыру картасына енгізілген 96 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, екі мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен біршама артық. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында он жеті жоба іске қосылып, сегіз жүзден астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл картадан тыс сексенге жуық жоба жүзеге асырылып, мың үш жүз адам жұмысқа орналасты. Өнеркәсіптің басымдық секторына стратегиялық инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, құрылыс индустриясында «Көкше-Цемент» серіктестігінің жылына екі миллион тонна өнім өндіретін ірі цемент зауытының құрылысы аяқталып, 2017 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, «Регион-строй» серіктестігінің темірбетон өнімін өндіретін зауытының жұмысы қарқын алды.

Мемлекет басшысы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы жөніндегі кеңесте агрохимия базалық ірі саланың бірі екенін атап өтті.
    Бұл бағытта өңірде құрамында глифосаты бар гербицидтерді шығаратын «Астана Нан Кемикалз» серіктестігінің базасында агрохимиялық кластер құрылып, өнім Ресей, Украина, Беларусь және Орта Азия елдеріне шығарылуда. Химия индустриясында «Қазатомөнеркәсіп» күкіртқышқылы зауыты жобалық қуатына шығып, импорттық өнімнен бас тартуға мүмкіндік берді. Металлургияның дамуы Президенттік индустриаландыру бағдарламасына енгізілген  «Қазақалтын» тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамының техногендік минералдық өнім өндіретін үш алтын фабрикасының құрлысымен, «Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамы мен «RG Gold» серіктестігінің өндіріс көлемінің өсуіне тікелей байланысты. Жарқайың ауданында темір кенін өндіретін Масаль және Ерейментау ауданында Қызылту мыс-молибдентау-кен орындарының құрылысы қолға алынды. Бұл кәсіпорындар жұмыс істегенде мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Облыстың машина жасау саласында импортты алмастыру мақсатында отандық «Вектор» комбайндары құрастырылуда. «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» серіктестігінің ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техникасының қазақстандық-белорустік индустриялық-техникалық паркін құру жөніндегі жобасын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, индустриялық подшипниктер өндірісін ұйымдастырудыамерикалық «TIMKEN» компаниясы қолға алды. Бұл жоба келесі жылы жүзеге асырылады.
   Объективті және субъективті себептерге қарамастан, облыстағы инфляция деңгейі биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі орнатқан деңгейден 8 пайыз асып кетті. Жыл басынан бері бөлшекті сауда көлемінің мөлшері 212 миллиард теңгені құрап, жалпы көлем индексінің оң маңызы сақталды. Өңірде бизнестің жағдайын жақсартып, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Облыста алпыс мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері тіркелсе, 45 мыңға жуығы жұмыс істейді. Оның ішіне жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары кіреді. Бұл салада 136,2 мың адам еңбек етеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін салықты көбейтуге мүмкіндік берді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында ауыл тұрғындарына шағын несие берілуде. Мәселен, бұл бағытта 2011-2016 жылдары берілген несие 4,3 миллиард теңгені құрады. Осы жылдары екі мыңға жуық несие мақұлданды. Өткен жылы 489 миллион теңгенің несиесі берілді. Биыл шағын несие беру үшін бюджеттен 1051,9 миллион теңге бөлініп, жұмыссыздар өз ісін ашты. Сөйтіп, жаңа жылға мол табыстармен келдік.
Ербол ОСПАНОВ,
облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар