Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өркендеп өсші, асыққан аяулы Атамекенім! - АРҚА АЖАРЫ

Өркендеп өсші, асыққан аяулы Атамекенім!

Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, аталары ақ қашып, қызыл қуған үркіншілік жылдары шекара асса керек. Жаңа өкіметтің дүмпуімен жат өлкеге табан іліктірген. Бірден бауыр басып кету де қиын. Дін біреу болғанымен, дәстүр басқа, елдің әдет-ғұрпы да. Жеті атасынан байлық үзілмеген, береке дарып, бақыт босағасына байланған, қазақ даласын қызыл жел ұйқы-тұйқы етпей тұрған мамыражай мезгілде бұлғақтап күн кешкен әулеттің тағдырдың тәлкегімен көрген тепіреші сүзіп жазған адамға өз алдына бір дастан. Тек бүгінгі әңгіменің ау-жайы ол жайында емес.
Сонау Ауғанстаннан ата-бабасының туған топырағына оралып, тіршіліктің ақбас толқынымен алысып, өз алдына кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер Наджибулла Абдул Халилдің елге тигізіп жатқан шарапаты хақында. Шарапатын ширатып бірден айтуға да болар. Серіктестікте екі жүз елуге таяу адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 80-100 мың аралығында. Демек, дағдарыстың дауылы біресе қаржы тапшылығы, біресе жұмыссыздық болып келіп, қараша үйдің шаңырағын желпілдеткенде осы серіктестікте жұмыс істеп, күн көрісін айырып отырған жұмысшылардың тіршілікте қарманар дәнекері де осы ұжым емес пе.
–«Ақмола Бидай» компаниясы әр ай сайын шетелдердегі сатып алушыларға төрт мың тоннаға дейін ұн жеткізіп бере алады. Соңғы уақытта Шығыс Азияда астық пен бидайға деген сұраныс біршама өсті. Егер біздің компания бұған дейін астықты Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Египет сияқты елдерге экспорттаған болса, кейінгі кезде тұрақты тұтынушыларымызды тауып, жүйелі жұмыс істеп отырмыз,–дейді серіктестіктің директоры Наджибулла Абдул Халил,–негізінде Қазақстанның бидайы, оның ішінде Ақмола облысының бидайы жоғары бағаланады.
Серіктестіктің мамандары өз істеріне мұқият. Қалай айтсақ та, шетелдік тұтынушының кірпияздығы көзге көрініп тұрады екен. Әншейінде ұн салынатын қапта салмақ 500 грамм кем, 500 грамм артық бола беруі мүмкін. Ал, шетелдік тұтынушы мұндай немкеттілікті көтере бермейтін көрінеді. Олар әр грамына дейін  есепке алады. Сондықтан, сатқан ұның сәл ғана кем түсіп жатса, сауданың сәті түспей қалуы оп-оңай. Ақыл таразысына салып қарасақ, серіктестіктің бизнес идея-дан бастап, түпкі нәтижедегі бизнес жобаға дейін мың сан бұралаңнан өтіп, тыңнан өз жолын тауып жұмыс істеуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Бұл арада бірден айта кету керек, алғашқы орында мемлекеттің бизнеске көрсетіп отырған жанды көмегі. Екіншіден, банкпен бұрыннан бері іскерлік қарым-қатынас жасап келе жатқан серіктестіктің сенімділігі. Міне, осындай ілкімді іс-қимылдың арқасында компания жұмыстың барлық сатысынан оңай өтіп, орнықты шешім қабылдай алады. Тағы бір ұтымды жай дәнді дақылдарды өздері егіп, одан өнім дайындайтын кәсіпорын қашанда сенімді. Бұлар әу баста өз қаражатымен құрылыс жұмысын бастап кеткен. Кейін өндіріске бөлінетін «Даму» өндірістік мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ірі жобаға несие алған. Сөйтіп, диірмен құрылысы және оған қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 400 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған.  
–Бұл қаражат мемлекеттік бағдарламада көрсетілгеніндей несиелік желі ішінде жылына 6 пайыз мөлшерінде берілді,–дейді компания директоры,–шынтуайтында бұл кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Негізінде банктердің 10-14 пайызбен несие беретіндігін елдің бәрі біледі. Оның үстіне несиені төлеу шарттары біз үшін ыңғайлы. Егер мемлекеттің бизнесті қолдау жағынан жүргізіп отырған саясаты дәл осындай деңгейде болмағанда шынын айту керек, біз мұндай ауқымды жұмыстарды жасап, бүгінгі биігімізге көтеріле алмас едік.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында жоба жүзеге асып, ойға алған іс қарқынды даму үстінде. Қазір серіктестік тәулігіне 200 тоннаға дейін ұн тарта алады. Үгуге қажетті бидай тапшылығы жоқ. Өйткені, серіктестіктің жиырма мың гектар жері бар. Биылғы жылы агротехникалық шараларды уақытылы жүргізудің арқасында бидайдың әр гектарынан 20 центнерден, арпаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинап, өздерінің элеваторларына құйып алды. Егін шаруашылығына қажетті техника сақадай сай және оның барлығы шетелдік қуатты техникалар. Биыл егін алқаптарында 25 комбайн жұмыс істеді. Серіктестіктің 15 КамАЗ-ы іркіліссіз тасымалдады. Алты ауылдың аумағында егін егіп, көсегесін көгертіп отырған серіктестік жергілікті халыққа да қарайласады. Осы ауылдардағы білім ошақтарының ағымдағы жөндеу жұмысына, білім ошақтарында оқитын әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген оқушылардың ыстық ас ішуіне де қолғабысын көрсетуде.
–Ең бастысы, серіктестік ауыл адамдарына болсын, тіпті, қаланың тұрғындарына да жұмыс тауып беріп отыр. Тұрақты жалақы алғаннан кейін жұмысшылардың еңбекке деген ынтасы да жақсы,–дейді серіктестіктің бас инженері, ел ағасы Сансызбай Мұқитанов.
Серіктестіктің үздіксіз атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етіп отырған Наджибулла Абдул Халил енді бір сәт әңгіменің ауанын адамдардың жұмысқа деген ынтасы тақырыбына ойыстырған:
–Біз Ауғанстанда Маймана деп аталатын қалада тұрдық. Алты қазақ отбасы ғана болдық. Әкемнің әкесі, яғни, атам Якуб қолөнер шебері болды. Ол кісі таңның атысынан күннің батысына дейін бір тынбай еңбек ететін. Біз көзімізді ашқаннан бас-тап еңбектің құдіретін ұғынып өстік. Ол жердегі қазақтардың көпшілігі қолдарынан іс келетін, өнер келетін адамдар болған соң аштан өлмей аман қалды. Жалқаулық, еріншектік деген атымен жоқ. Ондай болсаң күніңді көре алмай, бір бұрышта бұратылып жатасың ғой. Жаңағы алты отбасы бір-біріне қарайласып, тату-тәтті тұрды. Дінімізді, тілімізді сақтадық. Жатқа қыз бермедік. Жаттан әйел алмадық. Адал еңбектің арқасында тұрмысымыз да жаман болған жоқ. Қалай болған күнде де қазақ атына кір келтірген жоқпыз,–дейді ол.  
Қырықтың қырқасына жаңа шықса да сергек көңілге түйгені көп басшының айтуына қарағанда ат жалын тартып мінген әр азаматтың отбасын асырайтын бір өнері болуы керек. Мейлі етікші бол, мейлі дәнекерлеуші бол. Кім болсаң да, жаңағы өзің қалап алған мамандықтың ең мықтысы бол. Сонда қажет еткен адамдар сені өзі іздеп келеді. Аштан өлмейсің, көштен қалмайсың. Қажыр-қайратың тасып бара жатса, ынтаң мен ықыласың сол деңгейде болса, үшпаққа шығасың. Бұл біз айтқан пәлсафа емес, тері илеп, қайыс қайыған етікші атасының бауырында жатып, еңбек деген құдіреттің күшін ұққан, бүгінде сол еңбегінің арқасында бір белеске көтерілген кәсіпкердің пайымы. Біз де әңгіменің әуелгі әуенін әрлемей, сол қалпында айтуға тырыстық.  Оқыған жанның жетесіне жетсе екен деп.

Суреттерде:  «Ақмола-Бидай» компаниясының басшысы Наджибулла Абдул Халил; аға лаборант Ирина Асафова, КАР кондырғысының жүргізушісі  Талғат Шәймерденов жұмыс үстінде.

Суреттерді түсірген  Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар