27 желтоқсанда Ақмола облысында жүк вагондары рельстен шығып, 12 жолаушы пойызы жолда барар жеріне бөгеліп қалды.
Бұл оқиға Бабатай стансасында орын алды. Сол күні кешкі сағат 20.00-ге дейін Қарағанды – Астана учаскесіндегі осы станса бойынша пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Сөйтіп, жолаушылар пойызы қозғалысы қайта жандандырылды. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының арнайы комиссиясы жол апаты неден болғанын тексеріп жатыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.