Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
138 адам бостандыққа шығады - АРҚА АЖАРЫ

138 адам бостандыққа шығады

Облыстық прокуратурада биылғы жылдың 13 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық туралы» заңына түсінік беруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының басшысы Әмір Омаровтың айтуынша, заң жарияланған күннен бастап алты айдың көлемінде жүзеге асырылады. Заң ережесіне сай рақымшылыққа кішігірім қылмыстар, жекелеген орта дәрежелі, кейбір жағдайларда ауыр қылмыстар ілігуге жатады. Біздің облысымыздың аумағында бүгінгі күні 7 түзеу мекемесінде 3394 адам жазасын өтеп жатыр.
Сонымен бірге,  уақытша тергеу изоляторында 222 адам ұсталуда және  1303 адам пробациялық есепте тұр. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі күні жазасын өтеп жатқандардың 138-і рақымшылық заңына орай, бостандыққа шығуға жатады. Тарата айтар болсақ, олардың  5-еуі  кішігірім қылмыс жасағандар,  133-і орта дәрежелі қылмыспен сотталғандар.
Екінші топтың ішінде ұрлық үшін сотты болған, кәмелетке толмаған бір жасөспірім мен бір үшінші топтағы мүгедек және жасы алпыстан асқан адам бар. Бұған қоса, ауыр қылмыс жасаған 146 сотталған адамның жазасын өтеу мерзімдері қысқартылады.
Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер мен мүгедектер және жасы алпыстан асқан сотталған 11 адамның  жазаларын өтеу мерзімінің жартысы қысқартылса, қалған 135 адамның кесімді мерзімдерінің төрттен бірі қысқартылмақ. Осылайша рақымшылық заңына байланысты жеңілдік алатындар қатары 284 адам болып отыр.  Рақымшылық заңының пробациялық бақылауда тұрған адамдарға да күші жүреді. Аталмыш заңның ықпалы осындай 771 адамға немесе осы санаттағы барлық азаматтардың жартысына таралмақ. Сондай-ақ, рақымшылық заңы жарияланған кезге дейін қылмысты болғандар да сот барысында заңда көрсетілген жеңілдіктерді иелене алады, яғни, рақымшылыққа ілігуге мүмкіндіктері бар. Аталмыш заң ауыр қылмыс жасағандарға, бірнеше рет сотты болған қауіпті қылмыскерлерге және бұрын рақымшылық заңына сай бостандық алып, содан кейін қайта сотталғандарға таралмайды.  Елбасының  сотталғандарға жасап отырған бұл ізгілік шарасы бұрын жаза басып, енді осы рақымшылыққа легіп отырған адамдарды өз отбасылары, туған-туысқандарымен қауышуы өз алдына, бәрін жан-жақты ой елегінен өткіздіріп, өмірдің де түзу жолына салады деген үміт бар. 

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар