Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаштың арманы үшін - АРҚА АЖАРЫ

Алаштың арманы үшін

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алашорда үкіметі 1917 жылдың желтоқсан айында құрылды, ал, 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз осы Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады.
Өз тәуелсіздігімізді алған бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан бау-рап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана.
Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұханбетовтар, сонымен қоса, Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің, Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың, тағы басқаларының да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету – біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басында отаршылдық қамытындағы халқы үшін бас-
тарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істеріне марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған қай тұлға да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.

(«Алаш қозғалысы» кітабынан).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар