Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Қадірлі ақмолалықтар!
Келе жатқан жаңа – 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің тарихынан елеулі орын алатын айтулы оқиғаларға толы өткен жылды табыс-пен шығарып салғалы  отырған осынау  сәтте  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын салтанатпен атап өту оқиғасының куәсі болғанымызды мақтанышпен еске салғым келеді.  Өткен ширек ғасыр  ішінде Қазақстан халқы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен ауыз толтырып айтарлықтай зор жетістіктерге жетіп, Орта Азия елдерінің көшбасшысына айналды.
Қазақстанда әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдістері талаптарына жауап беретін және барша қоғамның мүдделеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылымның оңтайлы жүйесін жасауға игі ықпалын тигізген тарихи маңызы бар реформалар табыспен жүзеге асырылды.
Біздің еліміз алдына қойған Қазақстан-2030  Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекетінің санатына қосылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен жасалған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары арқылы айқындалған міндеттер Қазақстанның болашақта әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосылудың жоспарын нақтылап берді. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы және демократиялық үрдістерді орнықтырудағы  қол жеткен жетістіктер Қазақстанды Еуразиядағы елеулі орны бар мемлекетке айналдырып, әлемдік саясаттағы салмағын арттыра түсті.
Өзінің тәуелсіздігінің 25 жылдығында Қазақстан Орта Азия елдері арасында бірінші болып Азия-Тынық мұхиты елдері тобынан Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Елімізде жүргізілген осындай қайта құрулар біздің Ақмола облысының экономикасын қарқынды дамытуға да игі ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде облысымызда қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа заманғы жоғары технологиямен жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалар салынып, іске қосылуда. Осы уақыт ішінде тауар өнімдерінің көлемі 250 есеге, инвестиция тарту 100 есеге көбейді. Жаңадан салынған нысандардың есебінен шағын және орта кәсіпкерлік серпінді дамуда. Тек соңғы 15 жылдың ауқымында облысымызда  200 мың жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі  11 пайыздан 4,9 пайызға дейін қысқарды.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде облысымызда 44 жаңа мектеп салынып,  530 мектепке дейінгі мекемелер ашылды. Сөйтіп, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі  95 пайызға жетті. Өңірімізде осы жылдарда 34 денсаулық сақтау нысандары ашылды. Облысымыздың медицина қызметкерлері күрделі оталарды жасауды меңгеріп,  қазіргі заманғы медициналық құралдар көптеп сатып алынуда. Мұның өзі ақмолалықтардың орташа өмір сүру жасын 6,5  жылға ұзартып, ол бүгінде 71 жасқа жетіп отыр.
Қадірлі жерлестер!
Облысымыз ел экономикасының дамуы-на сүбелі үлесін қосып келеді. Өтіп бара жатқан 2016 жыл өңіріміз үшін нәтижелі болды, маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, көптеген қомақты шаруалар атқарылды. Аграрлық секторда жылдағыдай дәстүрлі тұрақты өсім байқалуда. Диқандарымыз бен малшыларымыздың, агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары жұмысшыларының жанкешті еңбегінің арқасында Ақмола облысы тұрақты жоғары даму көрсеткішіне ие болды. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде біздің өңірде жыл сайынғы түсім мен астық сапасы жоғарылады, ағымдағы жылы соның арқасында  5,7 миллион тонна астық жиналып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі рекордтық 300 миллиард теңгеге дейін жетті. Сонымен бірге, облыста маңызды рөл атқаратын аграрлық сектор ғана емес, өнеркәсіп саласы да жоғары қарқында дамып келе жатқандығын атап өткен жөн. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына жалпы құны 174 миллиард теңгенің  70 жобасы енгізілді.
Ақмола облысы экономиканың басым бағыттарына инвестицияны белсенді тартуда. Ағымдағы жылы өткізілген инвестициялық форум аясында баламалы энергетика, металлургия, көліктік машина құрастыру салаларын дамытуға бағытталған 1,2 триллион теңгенің жобаларын жүзеге асыру мен әріптестік туралы 10 меморандумға қол қойылды. Осы жобалардың бәрі  алдағы уақытта біздің облысымыздың дәстүрлі аграрлы аймақтан индустриялды-аграрлы аймаққа айналатынына сенімімізді нығайта түседі.
Құрметті достар!
2017 жылы бізді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа биіктер күтіп тұр, өйткені, әрбір жаңа жыл біздің еліміздің, Қазақстанның беделін әлем жұртшылығының алдында асқақтата түсетін маңызды оқиғалармен ерекшеленеді.
2017 жылы елімізде әлемдік қысқы Универсиада және ЭКСПО халықаралық көрмесі өтеді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның  дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Қол жеткен жетістіктеріміздің бәрі адамдардың жасампаз еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып жатқанын естен шығармауымыз қажет. Осынау мереке қарсаңында қадірлі жерлестер, сіздердің қолдауларыңыз бен туған ел мен аймағымыздың дамуына қосқан шынайы еңбектеріңізге зор алғысымды білдіремін.
Жаңа – 2017 жыл барлық ақмолалықтар үшін экономиканы одан әрі  дамытып, нығайтуға мол мүмкіндік туғызатын кезең болатынына және аймағымыздың барша  тұрғындары үшін берекелі боларына сенемін. Осынау мереке күні қарсаңында баршаңызға Жаңа жыл бақыт пен табыс, игілік әкеліп, армандарыңыз бен мақсаттарыңыздың биігінен көрінулеріңізге тілектеспін! Отбасыларыңызға береке-бірлік, татулық пен бақыт орнап, өмір сіздерге шаттық пен қуаныш әкелсін!

Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Барша елдердің халықтары үшін орны бөлек айтулы отбасылық мереке саналатын Жаңа жыл да келіп қалды. Жыл тоғысында тұрып әрбір адам алдағы күннен үлкен үміт күтіп, жетпеген жетістіктеріне, орындалмаған арман-мақсаттарына жетемін деп үміт ететіні белгілі.
Өткен жыл бәріміз үшін ерекше жыл болды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын салтанатпен атап өтіп, ширек ғасырда қол жеткен жетістіктерімізді қорытындыладық. Осы кезең ішінде Қазақстан ауыз толтырып айтарлықтай көптеген табыстарға жетіп, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алғанын мақтанышпен атап өткен артық болмас.
Біздің облысымыз да тәуелсіздік жылдарында еліміздің басқа өңірлері сияқты дамудың биік белестерінен өтті. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған іргелі аймаққа айналдық, көптеген жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары құрылып жатыр. Халықтың тұрмыс жағдайы да жыл санап жақсара түсуде. Жаңа жыл алдымызға жаңа міндеттер мен мақсаттар қояды. Сондай биік міндеттер деңгейінен көрініп, жоспарларымыз жүзеге асатынына сенеміз.
Қадірлі жерлестер, баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Жаңа жыл әр шаңыраққа табыс пен жетістік, жақсылық пен игілік әкелсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді келе жатқан жаңа – 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!  Өткен 2016 жыл есте қаларлық айтулы оқиғалары мол табысты жыл болды. Еліміз өзінің тәуелсіздігінің  25 жылдығын салтанатпен атап өтті.
Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне мол үміт пен асқақ арман ұялатып, ғажайып  мақсаттарға қол создыратын, жемісті бастамалар мен жарқын келешекке жол ашатын, орны бөлек, ерекше мереке.
Өткен жыл  жасампаз еңбек, ынтымақтастық, болашаққа деген сенім, жас және тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы бағындырған биік белестері  ретінде есте қалатындай айрықша жыл болды.
Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан экономикасы шарықтап дамыған, қоғамды демократияландыруда айтарлықтай жетістікке жетіп, өндірісін өрге бастырған, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын тапқан тәуелсіз ел ретінде танылды.
Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызға амандық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, толымды табыстар тілеймін. Егеменді еліміздің мерейін асырар жолдағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық
филиалы төрағасының
 бірінші орынбасары.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз! Біздің еліміз бен халқымыз үшін 2016 жыл табысты да жақсы жыл болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілді. Осы бір тарихи оқиғаға байланысты өткізілген салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырлармен тең. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасыры – Еуразия жүрегіндегі Ұлы далада жазылған мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі», – деп атап көрсете келіп, Мәңгілік ел болудың басты мұраттарын тағы да алға тартты.
Соңғы жылдары әлемді жайлаған дағдарысты жағдайға қарамастан Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілді. Еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштық жағдайы сақталып, халқымыз ел бірлігін қастерлеп келеді. Бұл сөз жоқ, Елбасының ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық кезеңінде аса көрегендікпен жүргізіп келе жатқан дана саясатының жемісі мен жеңісі деп бағалаймыз. 

Тәуелсіз Қазақстанның дамып келе жатқан қуатты өлкелерінің бірі біздің Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық саладағы жыл сайынғы табыстары көңіл қуантады. Өткен жылы ақмолалық даңқты диқандар астық өндіруде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Тұрғын үй құрылысы жаңа серпінмен қарқын алды. Экономиканың барлық саласына инвестиция тарту жақсарып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Мұның бәрі де облыста  «Нұрлы жол» бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асырылып келе жатқандығының айқын көрінісі болса керек.
Еліміз бен халқымызға 2017-ші жыл жаңа табыстар мен жақсылықтар әкелсін. Жаңа жылда әр отбасының ырысы артып,  бақ-дәулеті молайып, еліміз тыныш болып, өсіп, өркендей берейік!

 Рашит Әкімов,   
Жабал Ерғалиев,
 Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар