Жаңа жыл мерекесіне орай, астаналық «Барыс» хоккей клубының ұжымы №1 Ақкөл балалар үйінің тəрбиеленушілерімен кездесті.
Аудан әкімі Теміржан Едігеновтың арнайы шақыртуымен келген «Барыс» хоккей клубының вице-президенті Арман Нұрымбетов бастаған негізгі құрамындағы 10 ойыншысы және команданың бойтұмары «Барсик» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне команданың спорттық жейделері, хоккей таяқшалары, шайбалары тəрізді өздерінің фирмалық киімдері мен жабдықтарын сыйға тартты. Балалар өздері жанкүйері болып жүрген кəсіби спортшыларға концерттік бағдарламасын ұсынды.
Шара соңында барыс хоккейшілері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жолдастық кездесу өткізді. Жасөспірімдер бұл кездесуден үлкен ләззат алып, көпшілігі болашақта «Барыс» клубының құрамына мүше болу үшін жан аямай жаттығатындарын айтып жатты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.