Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пісірген наны дәмді - АРҚА АЖАРЫ

Пісірген наны дәмді

Қуаныш Жанқадамов басқаратын «Арман» Атбасар Агро» серіктестігінің  наубайхана қызметкерлері  тұтынушылар көңілінен шығуда.

 

Аталмыш серіктестіктің наубайханасы 2002 жылдан бері жұмыс істеп, мол табысқа қол жеткізді. Осының арқасында кәсіпорын жаңа ғимарат салып, шетелдік қондырғылар сатып алды. Жаңа жұмыс орындарын ашты.
– Күніне үш мың бөлке нан, бес түрлі тоқаш өнімдерін пісіреміз. Күнбағыс майын «Сочинский» серіктестігінен литрін 320 теңгеден сатып аламыз. Ыстық нан наубайхана қасындағы «Тұмар» дүкенінде сатылады. Қара нанға сұраныс көбейді. Ұнды құрғақ әрі қараңғы орында сақтайтын арнайы қондырғы сатып алмақшымыз. Бұл әдіс өнім сапасын жақсартады. Нысан өз бу қазандығымен жылытылады,–дейді «Мирас» шаруа қожалығының басшысы әрі наубайхана меңгерушісі, аудандық мәслихаттың депутаты Сәуле Ақсейітова бізбен әңгімесінде.
Аудан орталығында орналасқан екі наубайхана арасында бәсекелестік бар екенін аңғардық. Бұл өнім сапасына игі әсер етеді деген ойда болдық. Жылжымалы кестемен бір ауысымда екі адам жұмыс істейді. Наубайхананың Италияда жасалған пештерінен иіс шықпайды. Екінші цехта ұн еленіп жатыр. Піскен нан қоймада көп жатпайды екен. Арнайы автокөлікпен қала дүкендеріне және елді мекендерге тасымалданады. Бір бөлке нан дүкендерде 55 теңгеден сатылады. Кәсіпорын қайырымдылық шарасын жиі өткізіп, егде адамдарға нанды тегін таратады.
–Шаруашылықтың кеңсесі №86 разъезде орналасқан. Серіктестік егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда арпа мен бидай өсіріледі, қазақтың ақбас ірі қарасы, жылқы және еділбай қойы бағылады,– дейді «Мирас» шаруа қожалығының басшысы. Біз Сәуле пісірген дәмді наннан ауыз тиіп, аттандық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар