Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қабылдауға мұң-мұқтаждары алып келді - АРҚА АЖАРЫ

Қабылдауға мұң-мұқтаждары алып келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев пен Сапар Ахметов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бірге қатысып отырды.

Жексенбай Дүйсебаевтың қабылдауына зейнеткер Петр Кузьменко мен Людмила Булах бау-бақша серіктестігін дамыту бойынша өз ұсыныстарымен кірді. Олар бау-бақша серіктестігінің инфрақұрылымын дамыту үшін бюджеттен қаражат бөлу туралы айта келіп, Көкшетау қаласының іргесіндегі Зеренді саяжайларына келетін су құбырларын ауыстыру, электр жүйелерін жаңарту, қоғамдық автобустардың жыл бойына жүріп-тұруын қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Бүгінде онда 78 серіктестік тіркелсе, тек қырыққа жуығы ғана жұмыс істейді. Қалғаны қараусыз қалған. Депутат көтерілген мәселелердің орынды екендігін, оны өз бақылауына алатындығын жеткізді.
Көкшетаулық зейнеткер Рәшида Қазбекова «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 74-бабына өзгертулер енгізу қажеттігі жөніндегі ұсынысын айтып, мүгедектерге бірінші кезекте үй беру мәселесін көтерді. Мәселен, оның ұлы бірінші топтағы мүгедек. Он жылдан астам кезекте тұр. Алайда, жыл са-йын пәтерден шет қалып жатқандығын айтты. Бұл орайда, Жексенбай Дүйсебаев арызданушыға бой көтеріп жатқан баспаналар арнайы бағдарлама аясында тапсырылатындығын және биылдан бастап іске қосылатын «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде де баспаналы болуға мүмкіндіктер туып жатқандығына назар аударып, заңға кез-келген адамның өтініші бо-йынша өзгертулер енгізіле бермейтіндігін түсіндірді.
Бұдан соң қоғамдық қабылдауды халық қалаулысы Сапар Ахметов жалғастырды.
Қазіргі таңда құрылыс саласы бойынша көптеген олқылықтар орын алуда. Азаматтардың заңдар мен заңнамаларды толық білмеуінің салдарынан және кәсіпкерлердің істі бастағанда оған жүрдім-бардым, салғырт қарауынан жалдамалы жұмысшылар еңбекақыларын ала алмай келеді. «Көкше Ару» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеп, өткен жылдың ақпан айынан бастап, еңбекақыларын ала алмай жүрген бір топ азаматтар да депутатқа осы тұрғыда шағымданды. Серіктестік басшысы Жеңіс Нұрмұхановтың айтуынша, ол өткен жылы Макинск қаласындағы құс фабрикасында субмердігер болып, өзінің ауылдастарын қарамағына алып, жұмыс істеген. Келісім-шарт бойынша құс фабрикасы тиісті қаражатты аударған, алайда,кәсіпкердің айтуынша, ол бөлінген ақшаның ішінде тамаққа бөлінетін қаржының бірге екендігін есепке алмаған. Сөйтіп, еңбекақыға төленуі тиіс деген қаражат тамаққа жұмсалды деп ақталуда. Осы уақытқа дейін ол қол астында жұмыс істегендерге желтоқсан айының аяғына дейін еңбекақыларыңды төлеймін деп сендіріп келіпті. Бірақ, ақша жоқ. Осыған ашынған жігіттер халық қалаулысына келген. Дегенмен, арызданушылардың қолдарында кәсіпкермен жасасқан келісім-шарт жоқ. Бұл мәселені басынан аяғына дейін тыңдап алған депутат азаматтардың болашақта келісім-шартпен жұмыс істеуі қажеттігі және Жеңіс Нұрмұхановқа кәсіппен айналысар алдында заңды оқу қажеттігін айта келіп, іс сотқа жеткізілмей шешілуін тапсырды. Егер кәсіпкер бір ай ішінде жұмысшылардың еңбекақысын төлемейтін болса, онда бұл іс прокуратура, сот органдарында заң жүзінде тексеріліп, қаралатындығын, оған өзі де бақылау жасайтындығын ескертті.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Астана қаласында және оның төңірегінде бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендері үлескерлерінің үй құрылысына салған ақшаларының желге ұшып, іс қозғалып жатқандығы белгілі. Қабылдауға келген көкшетаулық Майра Әбдірахманованың да жайы осыған ұқсас. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Астана қаласындағы «Алға Тоқболат» ЖШС-мен тұрғын үй кешенін салуға үлескер ретінде келісім-шартқа отырған. Сол кездегі курспен 45 мың АҚШ долларын салыпты. Осы үшін Көкшетау қаласындағы бір бөлмелі пәтері мен жиған-терген бар ақшасын жұмсаған. Келісім бойынша 2015 жылдың желтоқсан айында Астанадан пәтер кілтін қолына алуы тиіс екен. Бірақ, қазіргі таңда тұрғын үй бітпеген, оның үстіне қабырғалары қисық тұрғызылған, стандартқа сай емес. Үлескерлер  салған ақшаларын қайтара алмай жүр. Серіктестік басшысы Е.Әлжан байланысқа шықпай, үнемі Астана қаласының наркологиялық мекемелерінде ем қабылдап жататын көрінеді. Арызданушының айтуынша, барлық үлескерлер Астана қалалық әкімдігіне, мемлекеттік органдарға шағымданған. Қазір іс тергеуде. Халық қалаулысы бұл мәселе  тез арада шешілмейтіндігіне, бірақ, оның дұрыс шешілуіне өзінің ықпалын тигізу үшін Астанадағы осы іспен айналысып жатқан органдармен байланысқа шығып, істі жеделдетуге қол ұшын беретіндігін айтты.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар