Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңды жетілдіру мәселелері көтерілді - АРҚА АЖАРЫ

Заңды жетілдіру мәселелері көтерілді

Мәжіліс депутаттарының алғашқы кездесуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партия белсенділерімен, мәслихат депутаттарымен және атқарушы органдар басшыларымен болып өтті.

Шараны ашып, жүргізген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жиналғандарды өткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, халық қалаулыларын таныстырып өтті.  Облысымызға жұмыс сапарымен келген депутаттық топтың жетекшісі, Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Сапархан Омаров болса, оның құрамында Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Жексенбай  Дүйсебаев, Сапар Ахметов, Зағипа Балиева және Михаил Чирков бар.  Мәжіліс депутаты Сапар Ахметовтың айтуынша, өткен жылы Мәжіліс депутаттары табысты жұмыс істеген. 81 заң жобасы талқыланып, 51 заң қабылданған.
Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Елбасымыз алға қойған «100 нақты қадам»  Ұлт жос-парын жүзеге асыруға қажетті заңдық негіз жасау   бағытында атқарылып жатқан заң шығарушылық жұмыстар жайында баяндап берді. Ал, Мәжілістің қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мүшесі  Жанат Жарасов осы саладағы заң шығару жұмыстары жөнінде әңгімеледі. Мәжіліс қабылдаған маңызды заң жобаларының бірі ретінде жаңа жылдан бастап күшіне енген ішкі миграцияны реттеп отыратын заңнаманы атап өтуге болады. Ендігі уақытта өзге өңірге бір айдан артық мерзімге барған адам міндетті түрде уақытша тіркелуі тиіс. Мұның өзі еліміздің қауіпсіздігін нығайту, лаңкестік пен экстремизм сияқты қатерлердің алдын алу үшін жасалып отырған қадам екенін атап өтті депутат.
Депутат Михаил Чирков Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жаңа жылдан бастап Мәжілістің жаңа форматта жұмыс істеуге көшкендігін айтып, оның мәнін түсіндіріп берді. Ендігі арада Мәжіліске ұсынылған барлық заң жобалары қоғамдық-саяси ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болады. Осылайша заңды қабылдауда жұртшылық өкілдерінің сын-ескертпелері мен ұсыныстары жан-жақты ескерілмек.
Ақмола өңіріне жиі соғатын депутат Жексенбай Дүйсебаев жерлестерін  өткен жаңа жылмен құттықтап, заң шығарушылық саладағы атқарылған жұмыстары, оның маңызы жайында қысқаша айтып берді. Нарықтық қоғамда экономиканы дамытуға қажетті ең басты шарт – қажетті заңдық негіздің болуы десек, депутаттардың жұмысының маңызы анық көрінеді. Алтыншы шақырылған Мәжіліс депутаттары өздеріне жүктелген осындай биік міндетті ойдағыдай орындап келеді деп атап өтті ол.
Астанадан әдейілеп келген халық қалаулыларына осындай мүмкіндікті пайдаланып, партия белсенділері  көкейде жүрген біраз сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің бір жолы жекеменшік үйлер салуға жағдай жасау екендігін айтып, осыған заңдық негіз жасау қажеттігіне назар аударды. Ал, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров білім беру саласында тендер өткізудің біраз қиындықтар келтіретіндігін, осыған байланыс-ты  бұл салада сатып алу конкурстарынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңдық негіз қажеттігін атап өтті. Мәжіліс депутаттары өз кезегінде партия  белсенділері тарапынан көтерілген мәселелерге құзырлы органдардың назарын аударатындығын, оның оң шешімін табуына қолдан келгенше көмектесетінін жеткізді.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар