Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйiнiң сахнасында өз өнерімен еліміздің мерейін асырып жүрген скрипкашы Руслан Тұрынтаев өнер көрсетті.
Белгiлi скрипкашы бала күнінен өнер жолына түсіп, әртүрлі байқауларға қатысқан. Атақты дирижер, скрипкашы Владимир Спиваков Русланға француз шебері Эмиль Буланженің скрипкасын өз қолымен беріп, болашағынан зор үміт күтетін өнер шебері болатынын айтып, қолдау көрсеткен екен.
Руслан Тұрынтаев Петр Чайковский атындағы музыка мектебінде оқыды. Әрі осы әйгілі музыкант атындағы 8-шi халықаралық жасөспiрiмдер байқауының жеңімпазы, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты атанды.
Концертте талантты скрипкашы атақты композиторлар Николло Паганини, Пётр Чайковский, Иогеннес Брамстың туындыларын орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Назгүл РАБИЛОВА.
Атбасар ауданы.