Биылғы жылдың 27 қаңтарына дейін Қазақстанның әртүрлі аң-құстарды сақтау қауымдастығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, Ішкі істер министрлігі және «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп киіктің мүйізін заңсыз саудалауға қарсы ақпараттық науқан ұйымдастыруда.
Осы орайда, заңсыз аң аулаумен күрес жүргізілуде, киік мүйізін сатып алу жөніндегі хабарландыру мен өзге жарнамаларды таратуға тосқауыл қойылуда. Өңірде заңсыз ауланған киіктің еті мен мүйізін, дене мүшелерін сақтауға, сатуға немесе сатып алуға, елге әкелуге және елден шығаруға болмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен 2020 жылға дейін киікті және оның мүшелерін пайдалануға тиым салынады. Дегенмен, заң бұзушылар еліміздің қалалары мен елді мекендерінде, ғаламтор беттерінде киіктің мүйізін сатып алу жөнінде хабарландыру беруде. Осыған байланысты қоғам мұндай ақпарат таратудың заңсыздығына назар аударып, қала көшелері мен ғаламтордағы хабарландырулар санын азайтуға атсалысулары қажет. Киік мүйізін сатып алу туралы хабарландырудың орнын облыстық аумақтық орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясына 8 (7162) 31-57-11 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Олжас ҚАРПЫҚОВ,
облыстық аумақтық орман
шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы.