Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілер тест тапсырады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілер тест тапсырады

Өңірлік коммуникация-лар қызметінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіліп, онда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов осы санаттағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу ережелері туралы баяндады.

 

Департамент басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыста 706 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Бұл органдарда 5962 мемлекеттік лауазым болса, оның  7-еуі саяси, 25-і «А» корпусының мемлекеттік лауазымдары.
– Уәкілетті орган әзірлеген кешенді аттестаттауды өткізудің тәсілдемелеріне сәйкес, жекелеген санаттарды қоспағанда, облыста 3224 мемлекеттік қызметші аттестациялаудан өтеді. Тестілеуді күніне төрт лектен өткізу жоспарланып отыр. Тестілеу залында 34 жұмыс компьютері орнатылғандықтан бір күнде 136 адам тестілеуден өте алады. Осыған байланыс-ты ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, маусым айына дейінгі алдын ала желілік кестесі әзірленіп, аттестаттаудан өту кезегінің тізімі жасалды, –  деді Берген Беспалинов өз сөзінде.
Сонымен қатар, департамент басшысы зейнет жасына шығуға 2 жыл қалған, аяғы ауыр, бала күту демалысындағы және 6 ай еңбек өтілімі жоқ тәрізді санаттағы мемлекеттік қызметшілердің аттестациялаудан босатылатынын да атап өтті.
Брифинг барысында журналистер осы күні кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан кездесетін жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрап білді.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар