Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парыз бен міндет – ортақ - АРҚА АЖАРЫ

Парыз бен міндет – ортақ

Парламент депутаттарының облыс тұрғындарымен кездесулері одан әрі жалғасуда

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев Степногорск қаласында болып, бірқатар кәсіпорындар мен білім ошақтарының жұмысымен танысты, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, қалалық партия филиалының активімен кездесті.
Қарабұлақ ауылының әкімі Қайыргелді Айтымов жерді заңдастыру және мал жайылымы жөнінде мәселе көтерді. Мәжіліс депутаты ақпан айында Елбасы «Жайылым жөніндегі» Заңға қол қоятынын айтты. Осы ауылда тұратын жеке кәсіпкер Гүлмайра Баймақова сүт өнімі өндірісі кезінде мемлекеттен субсидия алу мәселесін алға тартты. Жексенбай Дүйсебаев бұл мәселе жуыр арада шешілетінін, ол үшін ауыл тұрғындары бірігіп, кооперативке кіруін, сауын сиырларының саны елуді құрауы қажеттігін алға тартты. «Энерго Сервис СТ» серіктестігінің директоры Олег Долженко көп жылдардан бері коммуналдық тұрғын үйлерді жөндеумен айналысады. Ол өз сөзінде «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасын қаржыландыру жөнінде мәселе көтерді. Депутат бұл мәселенің анық-қанығына жететіндігін айтты. Бұдан кейін ол «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының активімен кездесіп, Парламенттің төменгі палатасының жұмысымен таныстырды.
Бұдан соң Парламент Мәжілісінің депутаты «Август Нан» Қазақстан-Ресей біріккен кәсіпорнының жұмысымен танысты. Серіктестіктің құрылтайшысы Мұрат Сәрсенбаев өз сөзінде кәсіпорынның құрамында глифосаты бар гербицид өндірісі үшін калий тұзын да шығаратындарын айтты. Бұл импортты ауыстыруға мүмкіндік береді. Гербицидтерді Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина рыноктарына шығару жоспарланған. Жексенбай Дүйсебаев пестицид өндіру кезінде қазақстандық шикізаттың пайызына және өнімнің бағасы мен сатылуына назар аударды. Мұрат Сәрсенбаев өз сөзінде өзге кәсіпорындарға қарағанда өнімдерінің бағасы 10 пайызға төмен екендігін, отандық тауар өндірушілерді субсидиялау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол қосымша құн салығын төлеу мәселесін көтерді. Мәжіліс депутаты бұл және өзге де мәселелерді жазбаша түрде қабылдап алатынын айтты. Жексенбай Дүйсебаев «Қазақстанның жылыжай технологиясы» серіктестігінде болып, көкөністер өсірудің технологиялық үрдісімен танысты. Мұнда тамшылап суару әдісі қолданылады.  Кейінгі жылдары жылыжай кешені ұлғайтылып, жылына 500 тонна томат өндіре алатын болды. Өткен жылы салат өндіретін бөлімше ашылды. Мәжіліс депутаты өнімнің бағасы мен сапасына, тұтынылуына назар
аударды. Өнім бағасын төмендету үшін мемлекет тарапынан субсидия қажет. Жексенбай Дүйсебаев Бөгенбай батыр атындағы облыстық спорт мектеп-интернаты мен индустриялық-техникалық колледжінде болып, білім ошақтарының жұмысына назар аударды.
Нана АНТИДЗЕ,
Степногорск қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы.

 

 

 

Аршалы ауданында болған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов қоғамдық қабылдау өткізді, сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған жобалармен танысты.

 

Алдымен депутат «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалын-да қоғамдық қабылдау өткізіп, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері бойынша келген тұрғындардың сауалдарына құлақ түрді.
Одан әрі халық қалаулысы Аршалы кентіндегі №4 агротехникалық колледжде болып, студенттермен және оқытушылар ұжымымен кездесті.
Сапарының соңында Сапар Ахметов «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Аршалы аумағы арқылы өтетін «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» тас жолының орталық-оңтүстік дәлізіндегі құрылыс жұмыстарымен таныс-ты. Құрылыс жұмыстары ұлттық қордан бөлінген 56,3 миллиард теңге қаржыға жүргізіліп жатыр. Ақмола облысында жол аумағы 76 шақырымды құрайды. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2017 жылға белгіленіп отыр. Жоба бойынша екі деңгейден тұратын жеті жол айрығын, теміржол бойынан өтетін бір желі, төрт көпір мен қырық су құбырын салу қарастырылған.
Өткен жылы 52 шақырым бетон, 29 шақырым асфальт төселді. Халықтың үзіліссіз әрі апатсыз жүруін қамтамасыз ету мақсатында басты жолдың төрт жолағы ашылған. Қазіргі уақытта тас жолды абаттандыру мен жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 800-ден астам адам мен 530 жол құрылыс техникасы жұмылдырылған.
Құрылысшылармен кездескен депутат Сапар Ахметов аталған күре жолдың ел экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл жобаның жүзеге асырылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да зор үлес қосатынына тоқталды.

Аслан Оспанов.

 

 

Кеше халық қалаулылары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Зеренді ауданында болды.

 

Мәжіліс депутаттары алдымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында партия белсенділерімен кездесті. Содан кейін аудан орталығындағы жекеменшік «Аружан» балабақшасының жұмысымен танысты. 2015 жылы қайта жөндеуден өткізілген 50 орындық қазақ балабақшасында бүгінгі күні 36 бала тәрбиеленуде.  Ғимарат орталықтанған жылу жүйесіне қосылған және ыстық сумен қамтамасыз етілген. Бөлмелер жайлы да жылы. Балабақша меңгерушісі  Күлбану  Мұханжарованың айтуын-ша, қазір мұнда 9 адам еңбек етеді, олардың төртеуі тәрбиешілер. Бүлдіршіндерді  тәрбиелегені үшін ата-аналардың беретін қызмет ақысы 15 мың теңге екен. Қазіргі нарық жағдайында бұл оншалықты жоғары баға емес.  
Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары аудандық орталық емханада болып, еңбек ұжымымен кездесті. Өткен жазда пайдалануға берілген  үш қабатты емхана  қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған. Оны салу үшін бюджеттен 1440 миллион теңге қаржы жұмсалған. Мердігер компания «Астана-Авто-Құрылыс» серіктестігі мойындарына алған міндетті уақытында және сапалы аяқтап шықты. Бүгінгі күні мұнда 116 адам еңбек етсе, олардың 22-і дәрігерлер, 13 кіші медицина қызметкерлері. Облыс орталығына жақын болғандықтан ба, емханада дәрігер мамандарға деген анау айтқандай тапшылық жоқ. Рас, бірқатар мамандықтар бойынша қажеттіліктер бар, дегенмен жалпы алғанда, мамандар жеткілікті деуге болады.
Халық қалаулылары емхана ұжымымен кездесіп, өздерінің заң шығарушылық салада атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып берді және денсаулық саласына қатысты дәрігерлер тарапынан қойылған жекелеген сауалдарға жауап берді.
«Арқа ажарының»  өз  ақпараты.

 

 

 

Мәжіліс депутаты Михаил Чирков Сандықтау ауданында болып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды  қабылдады.  
Халық қалаулысының қабылдауына ең алдымен, Сандықтау ауданының тұрғын үй шаруашылығы, қоғамдық көлік және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы В.Миронов кіріп, Балкашин селосында тұрмыс-
тық қоқыстардың полигонын қайта қалпына келтіруге қаражат бөлу мәселесін қозғады.  Депутат көтерілген мәселенің орынды екендігін атап өтіп, тиісті орындарға оны шешуге тапсырыс беретіндігін, өзі де бұған қол ұшын беріп, бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, бүгінде мектеп оқушыларының арнаулы орта білім беру мекемелері – колледждерге оқуға түсу мәселесі жиі айтылып жүр. Мәжіліс депутатына Балкашин орта мектебінің оқытушысы Айгүл Атаева осы орайда сұрақ қойды. Қазіргі уақытта оқытушының қызы мектепте оқиды. Ол тоғызыншы сыныпты аяқтаған соң облысымыздағы колледждердің бірінде білімін жалғастырмақшы. Михаил Чирков  2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей  тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы басталатындығын айтты.
Қабылдауға келген Светлана Горева бүгінде студент. Болашақта өзінің туған ауданында жұмыс істегісі келеді. Ауданға жұмысқа орналасатын болса, жастар арасында тұрғын үй мәселесі қалай шешілетіндігін, баспана салуға қаражат қалай бөлінетіндігін, қандай бағдарламалар бар екендігін сұрады.
Көптеген аудандарда баспана мәселесі бұрыннан өзекті. Бүгінде Сандықтау ауданы бойынша 154 адам кезекте тұр. Аудан орталығында салынып жатқан 18 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталуына облыстық бюджеттен 78 миллион теңге ақша бөлінген. Сонымен қатар, халық қалаулысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудандарда да тұрғын үйлер бой көтеретіндігін айтты.
Депутаттан Максимовка селосының тұрғыны Игорь Федченко аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қай уақытта іске қосылатындығын сұрады. Мүдделі органдардың айтуынша, оның құрылысы ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады екен. Михаил Чирков бірқатар сала бойынша жұмысты ширатып, жастар мәселесіне көп көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды. Өзі де бұл істе қолдан келгенше көмегін аянып қалмайтындығын жеткізді. Бұдан соң Мәжіліс депутаты аудандық орталық аурухананың ұжымымен кездесіп, ақ халатты абзал жандарды толғандырып жүрген мәселелермен танысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар