Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі аясында Көкшетаудың «Арланы» «Бурабай» спорт сарайында «Астана» хоккей клубымен екі ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Бірінші матчта астаналық клубтың жас ойыншылары ұпай жинауға тырысып баққанымен, мақсаттарына жете алмады. Арландықтар болса қарсыластар қақпасына он шайба соқты. Бірде-бір шайба өткізбеген арландық қақпашы Степан Гришевскийдің есімін ерекше атап өткен жөн. Кездесуде Александр Воробьев 3, Денис Стасюк 2, Михаил Шерс-тяков 2 шайба соғып, көзге түсті.
Екінші ойында да арландықтар 2:1 есебімен жеңді. Ойын қателіктерге толы болды. Астаналықтар қарсыласып баққанымен, біздің команданың сүр мергені Константин Серенков ұрған шайба қақпаға дөп тиіп, ойын көрігі қыза түсті. Қорғаушылардың қателігінен қақпашымыз Михаил Демидов шайбаны ұстай алмады. Бұдан кейін қонақтар біздің қақпаға екі рет қауіп төндірсе де, мақсатына жете алмады. Бүгін, ертең арландықтар Рудный қаласының «Горняк» хоккей клубымен кездеседі.
Дмитрий ДУНИТРАШ,
«Арлан» хоккей клубының баспасөз хатшысы.