Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Президентінің Үндеуі таныстырылды - АРҚА АЖАРЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Президентінің Үндеуі таныстырылды

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат, Қазақстан Респуб-ликасы Сыртқы істер министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президентінің Үндеуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алаңында таныстырылды. Қ.Әбдірахманов бұл Жолдаудың Мемлекет басшысының 2016 жылғы 31 наурыздағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің қағидаттарына негізделетіндігін және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсетті. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ұлыбритания, Италия, Латвия, Польша, Франция, Нидерланды, Украина, Швеция, Эфиопия және Жапонияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Ресей, Қытай, АҚШ және БҰҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің аталмыш Ұйым жанындағы тұрақты өкілдері қатысты. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және БҰҰ елдерінің өкілдері пікірталастар барысында шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау саласындағы өздерінің ұлттық басымдықтары
туралы мәлімдеді, сондай-ақ, бүкіләлемдік Ұйым қызметінің осы басым бағыттары бойынша жаңа Бас хатшының жұмысына қолдау білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар