Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық кеңестер: Қалыптасу кезеңі. Алғашқы нәтижелер. - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық кеңестер: Қалыптасу кезеңі. Алғашқы нәтижелер.

Атқарушы орган мен қоғамның арасын байланыстыратын пікір алмасу алаңы ретінде Қоғамдық кеңестер 2016 жылы құрылып, жұмыс істей бастаған еді. Өткен жылдың қаңтарынан бастап әрбір министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, ауыл округтерінде белсенді азаматтардан құрылған Қоғамдық кеңестер қызметке кірісті. Осындай қоғамдық кеңестер біздің облысымыздың барлық билік деңгейінде құрылып, жұмыс істеуде.

Қоғамдық кеңестерді құру «100  нақты қадам» Ұлт жоспарының  99-шы қадамында көрсетілген халықтық реформаны  орындау негізінде  жүзеге асырылған болатын. Қоғамдық кеңестердің құрылуы еліміздің жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру арқылы қоғамды демократияландыруға бағдар ұсталып отырғандығын, мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығы қалыптастырылып, оған азаматтардың белсене қатысуына жол ашуға мүмкіндік жасалғандығын көрсетіп берді. Мемлекеттік басқару құрылымдары мен халықтың арасындағы байланысты неғұрлым тиімді етуге бағытталған Қоғамдық кеңестердің жұмысының мәні де осында.  Іс жүзінде Қоғамдық кеңестер билік органдарының жұмысын, бюджеттің орындалу барысын, қаржының өңірлерге қажеттілікке сай бөлінуін бақылауды жүзеге асырады. Бұл жаңа құрылым тұрғындар үшін аса маңызды көкейкесті мәселелерді көтеріп және оны шешуге биліктің назарын аударуға ықпал етеді. Барлық ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар Қоғамдық кеңестер белгілі бір мәселелерді шешуге ықпалын тигізетін ұсыныстар мен шешімдерді көпшілік дауыспен қабылдап, тиісті құзырлы органдарға жолдайды. Ал, құзырлы органдар өз кезегінде Қоғамдық кеңестер тарапынан жіберілген ұсыныстар мен шешімдерді назарда ұстауға міндетті.
Үкіметте Қоғамдық кеңестерді құру туралы әңгіме қозғалып, талқыланғанда бұл түрлі салаларды қамтитын халықтық парламент түрінде қызмет ететін болады деп болжанған болатын. Мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, коммуналдық шаруашылық сияқты салалармен айналысатын топтар құрылып, өздеріне жүктелген салалар бойынша қызмет етуі тиіс. Осыған орай, Қоғамдық кеңестерде әртүрлі салалар бойынша комиссиялар құрылды. Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесі екі сала бойынша қызмет етеді. Оның біріншісі, А.Мырзахметов атындағы университеттің ректоры Сағынтай Елубаев жетекшілік ететін әлеуметтік мәселелер бойынша топ та, екіншісі «BBS-IT» серіктестігінің директоры Болат Жұпынов жетекшілік жасайтын экономикалық мәселелерге арналған топ. Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы – облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин.
Сол тұста Премьер-Министрдің орынбасары болған Дариға Назарбаева: «Қоғамдық кеңестерге деген сенімсіздіктің болатыны түсінікті. Бұл ұйымға қатысты жағымды және жағымсыздау пікірлер болған. Дегенмен де, ертеде бұл орган заң жүзінде нақты институт түрінде бекітілмеген болатын. Ал, бүгінде бұл құрылым туралы оның құқықтық негіздерін айқындайтын құжат бар, онда кеңес мүшелерін сайлау, оның құрамы, оны кім басқаратындығы, мәслихатпен, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органмен қарым-қатынасы заң бойынша нақтыланған. Бірақ та, Қоғамдық кеңестерге түрлі салалар бойынша кәсіби білімі бар және түрлі жағдайларға байланысты талдау жасап, баға бере алатын сарапшылар қажет. Олар әкімдердің қызметін бағалап, қоғамдық тыңдауларға бастамашы бола алады және биліктің қызметіне бақылау жасауына құқы бар»  – деп атап көрсеткен еді.
Кеңестердің барынша тиімді жұмыс істеуі үшін оның құрамына түрлі мамандық иелерін қосумен бірге, кем дегенде үштен екі бөлігі азаматтық қоғамдардың өкілдерінен құрылуы тиіс, отыз пайыздайы мемлекеттік атқарушы орган өкілдерінен құралғаны жөн.
Құрамы осындай әртүрлі топтардан құралған кеңестің түрлі көзқарас пен ұстаным тұрғысынан қаралған және пайда болған мәселелер мен проблемаларды жан-жақты талдап, объективті бағасын беруіне мүмкіндігі болады.
Ақмола облысында құрамы 21 адамнан тұратын Қоғамдық кеңес облыстық мәслихаттың 2016 жылдың  23 ақпанында өткен сессиясында бекітілген болатын. Жаңа институт облысымыздың барлық 19 өңірінде құрылып, оған 266 адам сайланып, жұмыс істеуде. Бұл арада мына жайға назар аударғанымыз жөн болар, Қоғамдық кеңес мүшелері тегін жұмыс істейді. Бұлайша жұмыс істеу қаржылық  мүдделілікке жол бермейді, яғни, кеңес мүшелері тек өздерінің азаматтық ұстанымдары үшін жұмыс жасайтын болады. Кеңесте талқыланатын мәселелердің ауқымының кеңдігі оның құрамына қоғамның әртүрлі топтарының өкілдерін енгізуге ықпал етпек. Атап айтқанда, жергілікті зиялы қауым, мемлекеттік құрылым мамандары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, жастар ұйымдары мен ақпараттық құралдардың өкілдері және құрметті азаматтар кіретін кеңес халықтың барлық тобының мүддесіне қызмет ететіні анық.
Үш жылдан кейін өзгертілетін Қоғамдық кеңестердің қазіргі құрамы  бұл бағытта бірінші рет жұмыс жүргізіп отырса да, қоғамның барлық саласының көзқарасын білдіретін, жалпыхалықтық мүддені қорғайтын беделді кеңес құрылғандығын көрсетіп отыр. Облысымызда Қоғамдық кеңес құрылған кезден бергі өткен уақытта 200-ден астам мәжілістер өткізіліп,  қоғамның сан түрлі мәселелері талқыланды. Мәжіліс барысында кеңес мүшелерімен кездесуге 4000-нан астам адам қатысты. Қоғамдық кеңестің жұмысы мәслихат депутаттары мен түрлі деңгейдегі Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік орган қызметкерлері өкілдерінен 350-ден астам адам қатысқан «Тәуелсіздікке  25 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жергілікті мәслихаттардың рөлі» атты облыстық форумда талқыланды. Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің біліктілігін көтеретін семинарлар мен тренингтер, дөңгелек үстел шаралары үнемі өтіп тұрады.

Облыстық деңгейдегі жұмыс
Қоғамдық кеңестің алғашқы мәжілісі облыс басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен 2016 жылдың ақпан
айында өткен еді. Өңір басшысы кеңес мүшелері алдында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері мен басым бағыттары жайында  баяндап берді. Қоғамдық кеңес мүшелері аймақтың даму жағдайына жақсы баға берді. Атқарушы биліктің алдында жаңадан құрылған кеңеспен бірлесе жұмыс істеу арқылы шешілетін ауқымды жұмыстардың тұрғандығы атап өтілді. Ең алдымен, әлеуметтік мәселелер бас-ты назарда ұсталуы тиіс. Облыстың бюджет саясатының негізгі бағдары өзгеріссіз қалады. 2017-2019  жылдарға арналған бюджет жобасында әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөлінген. Мәселен, білім беру саласына 12 миллиард теңге бағыттау жоспарланған. Денсаулық сақтау саласының басым бағыттарын дамытуға 3,9 миллиард теңге қарастырылған. Жобада сондай-ақ, тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, жолдарды жөндеу мен ұстау, мәдениет және спорт саласын дамыту жайы да жан-жақты қамтылған. Бюджет жобасында Щучинск-Бурабай курортты аймағын және Астана маңындағы елді мекендерді дамыту мәселесі де жете ескерілген.
Облыстық Қоғамдық кеңес мәжілісі
айына бір рет өтіп тұрады. Оған қоса, кеңес мүшелері жиі кездесіп, түрлі мәселелерді талқылап отырады. Бұл органның қызмет және міндет ауқымы кең. 2015 жылдың бюджетінің орындалуын талқылау барысында кеңес жан-жақты талдау жасап, облысымыздағы туберкулез ауруының алдын алу жолдарын қарастырған болатын. Кеңес қараған нормативтік-құқықтық актілердің өзі жүзден асып жығылады және олар сан түрлі салаларды қамтиды. Ұсынылған жобалардың бәрі бірдей кеңес тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Нормативтік-құқықтық  актілердің мазмұнына қатысты сын пікірлер айтылып, толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар да жасалды.
Өткен жылдың сәуір айында Қоғамдық кеңеске автокөлік жолдары тізімі, әлеуметтік көмек түрлерінің ережелері, жұмыс орындарына квота тағайындау сияқты мәселелер бойынша 120-дан астам жоба қарауға ұсынылған болатын. Бірқатар даулы мәселелер бойынша қайта қарап, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Жалпы алғанда, Қоғамдық кеңес құрылған кезден бастап 280 нормативтік-құқықтық акт қаралса, соның  50-інің олқылықтары мен кемшіліктері ескеріліп,  қайта қарауға жіберілді.
Мамыр айынан бастап Қоғамдық кеңес қарайтын жобалар қатары біршама кеміді. Өйткені, сол тұста қолданысқа енген заңнамаға сәйкес, ендігі арада мұндай жобалар тек облыстық емес, барлық деңгейдегі кеңестерде қаралатын болды. Осылайша жергілікті жерлердегі Қоғамдық кеңестер өз бетінше шешім қабылдайтын дербес ұйымдарға айнала бастады. Қазан айында Қоғамдық кеңестің талқылауына жеті мәселе ұсынылды. Оның біреуі 2016-2018  жылдарға арналған бюджетке айтарлықтай өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысты мәселе еді. Мәселенің аса маңыздылығына орай, кеңес мүшелері  бюджет жобасын барынша жан-жақты және толық оқып, зерттеді.  Сөйтіп, Қоғамдық кеңес мүшелері қаржының барлық өңірлерге тиімді бөлінуін, бюджет қаражатын дұрыс игеру жайын ескере отырып, жобаға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасады. Кеңес қараған Целиноград ауданының орталығы Ақмол  ауылындағы бюджет қаржысына салынатын 280 орындық балабақша құрылысы жобасы да мақұлданып, өмірге жолдама алды. Сонымен бірге, өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға арналған жоба қаралып, кеңес тарапынан құпталды.
Қоғамдық кеңестің міндеттерінің бірі –
мемлекеттік органдардың, олардың басшыларының есептерін тыңдау. Қоғамдық кеңес алдында, ең алдымен облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский есеп беріп, департаментте жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты баяндап берді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына сай салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысының сапасы жайында  «Sara» қоғамдық қорының жетекшісі Сара Баймағамбетова әңгімеледі. Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосындағы  №2 қалалық ауруханаға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасыздығын ол фотослайдтар арқылы көрсетіп, мердігердің жұмысшыларды жалдаудағы кемшіліктерін қолмен қойғандай дәлелдеп берді.

Осыған орай, кеңес жол берілген олқылықтарды дер кезінде жойып, ондай кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу шаралары жайында ұсыныс қабылдады.
Қоғамдық кеңес Жер кодексіндегі өзгерістерге орай, ақмолалықтардың арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада осы мәселеге арналған Қоғамдық кеңестің аудандық, қалалық филиалдарының қоғамдық ұйымдардың,
саяси партия филиалдарының, жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және шаруа қожалықтары мен этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысқан кеңейтілген мәжілісі өтті. Кездесу барысында жер мәселесіне қатысты бүкпесіз ашық әңгіме болды.
Фермерлер мен жермен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдері жер заңдарына қатысты түрлі ұстанымдарын  ортаға салды. Одан кейін түрлі қоғамдық ұйымдардан 250-дей адамды қамтыған республикалық комиссияның отырысы өтті. Кеңес төрағасы Дулат Нұрмолдин бас болып, кеңес мүшелері өңіріміздің ең шалғай ауылдарына дейін барып, кездесулер өткізді. Бұл кездесулер жергілікті жерлерде 900-ден астам адамды қамтыды. Қоғамдық кеңестің мүшелері жер заңдарына қатысты барлық көтерілген мәселелер мен ұсыныс-тілектерді негізге алып, тиісті талдау жүргізді. Мәжілістерде жер заңдарындағы  өзгерістерді түсіндіру  тобының атқарған жұмыстары жайында ақпараттар тұрақты тыңдалып отырылды. Осы жұмыстардың қорытындысы бо-йынша жинақталған ұсыныстар мен талаптар республикалық комиссияға жолданды.
Халықтың мұң-мұқтажы мен қажеттіліктері туралы ақпаратты толық жинақтау үшін тұрғындармен бетпе-бет кездесу қашанда ұтымды тәсіл болып саналады. Міне, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері осындай мәжілістерді ғана белгілеп, өткізбейді, сонымен бірге, жергілікті жерлерге барып, ондағы тұрғындармен кездеседі. Ақкөл
ауданы мен Степногорск қаласында өткен облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы барысында кеңес мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, жергілікті депутаттар корпусымен кездесті, ауданның дамуы мен маңызды міндеттерді шешу тұрғысында  кейбір аймақтық кеңестердің мүшелерімен жүздесті.
Қоғамдық кеңес пен оның комиссияларының мүшелері барлық мәселелерді талқылау кезінде белсенділік танытып, өз принциптерін ұстануда, орын алған мәселелер мен алға қойылған міндеттерді шешу үшін сындарлы ұсыныстар енгізуде. Кеңес мүшелері мемлекеттік органдарда өткізілетін түрлі іс-шараларға, жиналыстарға, облыстық мәслихаттың сессияларының отырыс-
тарына, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бейне-жиын форматында өтетін бес дөңгелек үстел жұмысына,  «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі мен басқа да отырыстарына заңды түрде қатыса алады. Аймақта болып жатқан маңызды оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік жасалып, облыстық кеңестің мүшелері облыстық әкімдік жанындағы комиссиялардың құрамына да енгізілді.
Өткен жылдың қыркүйек айында Қоғамдық кеңес Ақмола облысының 2013-2015 жылдарға арналған электр қуатын үнемдеудің кешенді жоспарының орындалуына баса назар аударып, оны мәслихат пен Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының бірлескен отырыс-тарында қарады. Кешенді жоспарды іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді талқылау келесі 2017-2020 жылдарға арналған осындай жоспарды орындау кезінде мұндай олқылықтарға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Облыстық Қоғамдық кеңестердің барлық іс-шаралары ашық сипатта өткізілетіндігін атап өткен жөн. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, баспасөз құралдарының және тағы басқа ұйымдардың өкілдері қатысады. Кеңестің құрылған сәтінен бастап олардың жұмысын ақпараттық қамту қамтамасыз етілген. Ақмола облыстық мәслихатының интернет-ресурсында «Қоғамдық кеңес» арнайы айдары ашылып, онда кеңестің құрамы, бекітілген ережесі, комиссия құрамының тізімі, жұмыс жос-
пары туралы толық ақпарат пен жаңалықтар орналастырылған. Облыстық газеттердің беттерінде кеңестің жұмысы мен қызметі туралы жекелеген мақалалар жиі жарияланып тұрады. Облыстық телеарнада мемлекеттік және орыс тілдерінде  облыстық кеңес төрағаларымен және мүшелерімен сұхбаттар ұйымдастырылады.  

Алдымен өзекті мәселелер
Енді Қоғамдық кеңестерде қарастырылған өзекті мәселелердің бірқатарына тоқтала кетсек, барлық аудандық және қалалық Қоғамдық кеңестер өз жұмыстарын ұйымдастырушылық мәселелерден, яғни, жаңа органның құрамын қалыптастырудан бастады. Бұланды ауданында оның құрамына бір мемлекеттік қызметші, мемлекеттік мекемелерден 8 қызметкер, қоғамдық бірлестіктердің екі мүшесі, бір зейнеткер, яғни, ауданның құрметті азаматы және аудандық газеттің редакторы кірді. Зеренді ауданында Қоғамдық кеңестің төрайымы болып аудан орталығындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінің директоры Эльмира Халелова сайланды. Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және әлеуметтік сала, денсаулық, білім,  мәдениет мәселелері бойынша екі комиссия құрылды. Шортанды аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жағы да ескерілді. Сөйтіп, оның құрамына сегіз әйел енді. Степногорск қаласының тұңғыш Қоғамдық кеңесінің құрамына 15 адам енді, оның 5-еуі мемлекеттік органдардың өкілдері және сонша қоғам қайраткері мен жекелеген азаматтар енді.
Облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырыстарында негізінен, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы қорытынды есептер талқыланды.  Осындай жиын Еңбекшілдер ауданында да өтті. Кеңес мүшелері бюджет қаржысын игеру 99,6 пайызды құрап, бюджеттік ұйымдар жұмыстарын дұрыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылау кезінде жергілікті атқарушы органдардың  жұмысы барысында кей жоспарлардың орындалмай қалғандығын анықтады. Целиноград ауданында Қосшы, Талапкер, Максимовка, Ақмол селолық округтері әкімдерінің есебінен кейін елді мекендерді көркейту, қылмысқа қарсы күрес мәселелері, учаскелік инспекторлардың жұмысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жасалды. Степногорскіде Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан әлеуметтік маңызды нысандарға қаржыны қайта бағыттау жөнінде бюджетке өзгертулер енгізу туралы қалалық мәслихат шешімінің жобасын қолдады. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт салаларына бөлінетін  қаржыны көбейту мәселесі қарастырылған болатын.
Қоғамдық кеңестердің атқарған жұмыстарын қорытындылай келе, көптеген ұқсас мәселелер мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарастыру қажеттігін атап өткен жөн, мәселен, онда жер салығы мен пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне  арналған бірыңғай салықтың базалық мөлшерлемесін арттыру, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік-тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, қысқы жылу беру маусымына дайындық, мүгедектердің,  пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың жұмысқа орналасуы үшін квота тағайындау, мектепке дейінгі білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыстарды бекіту, аудандық бюджетке өзгертулер енгізу, қоқыс қалдықтарын жинау, оларды әкету және көму мен қайта өңдеу тарифтерін бекіту сияқты мәселелер бар.
Көкшетау қалалық Қоғамдық кеңесі бірнеше отырысын бұрыннан барлығына мәлім, бірақ, әлі күнге дейін сол қалпында қалып жүрген «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушылардың баспана жалдау мәселесіне арнады. 274 пәтер жалдаушының тек 151-інде ғана баспана жалдаудың келісім-шарты бар. Баспана құнының 50 пайызын жинау бойынша 210 келісім-шарт ашылса, қазіргі уақытта оның тек 1 депозиті ғана жүйелі түрде толықтырылуда. Кент тұрғындарының көпшілігі коммуналдық қызметтерді төлемейді, оның үстіне үйлерін бөгде адамдарға заңсыз жалға береді. Қала әкімдігінің жанынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы комиссия құрылған. Алайда, кентте тұратын оралмандар тұрғын үй мәселесіне сол баяғы  жүрдім-бардым қалпында қарауда. Бұл орайда, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің мәлімдеуінше, жұмысты ширақ жүргізу үшін жауапты тұлғалар жетіспеуде. Сосын да жұмыс тиімділігі төмен.  Аталған мәселені кеңейтілген құрамда қайта қарау жөнінде шешім қабылданып, жаңа отырыстың қорытындысы бо-
йынша Көкшетау қалалық әкімдігіне, оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жалға беріліп жатқан пәтерлерді анықтау жұмыстарын жалғастыру, ал, келісім-шарт жасаудан бас тартқандар болса, көрші аймақтар қолданып жатқан тәжірибелерді зерттеп, тиісті шаралар қолдану, сот шешімімен пәтерден шығарып жіберу тапсырылды. Сонымен бірге, Көкшетау қалалық мәслихатына жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында мәслихат депутаттары, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдік, ішкі істер басқармасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдерінен уақытша комиссия құру қажеттігін ескертті. Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметі барысында жастардың демалысын ұйымдастыру мәселелерімен, инфляциялық үдерістер мен бірінші кезектегі азық-түлік өнімдері бағаларының өсуін тоқтату, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен айналысты. Учаскелік инспекторлардың жауапкершілігі мен рөлін арттырудың маңыздылығына, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа төзбеушілік жұмыстарын жандандыруға  назар аударды.
Ақкөл ауданында Астана-Щучинск автокөлік жолына жасыл дәліз құру үшін жер учаскелерін алу, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу, кезекке қою, орман қорының жері санатына жататын елді мекендердің жер учаскелерін ауыстыру өзекті мәселе болып тұр.
Еңбекшілдер ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті бір отырысында Степняк қаласы, Әндіқожа батыр, Невский, Макинск, Еңбекшілдер ауылдарындағы су құбырлары жүйесінің әлі күнге дейін тіркелмегендігі анықталды. 2015 жылы тапсырылған Мамай ауылының су құбыры да заңды түрде ресімделмеген. Тұтынушылар құқығын қорғайтын аудандық басқарма бұл мәселені шешу үшін Қоғамдық кеңестен көмек сұрады. Сонымен бірге, аудан орталығында тұрғындардың жеке шаруашылықтарынан әкелінетін азық-түлік өнімдерін өткізу орнын анықтау мәселесі де өзекті болып отыр.  
Бұланды ауданының Қоғамдық кеңесінің мәжілісінде «Новобратский – Вознесенка» жолының орташа жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтау туралы ұсыныстар айтылды. Жолды қалпына келтіруге бөлінген 621,5 миллион теңгенің тек 458 миллионы ғана игерілген. Қалған 193,7 миллион теңге республикалық бюджеттен әлі түспеген. Аудандық әкімдік осы қаражатты бөлуге қайтадан өтініш жібергендіктерін айтады. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын көшелерге электр жарығын орнату мәселесі  де толғандырады.
Қорғалжын ауданының Сабынды ауылдық округінде тұрғындардың жеке малдарын бағу проблемаға айналып отыр.  Ерейментау ауданының Қоғамдық кеңесі тұқым мен мал азығын дайындау кәсіпорнын ашу бойынша инвестициялық жобаларды қарастырды. Сонымен бірге, малдың бруцеллез ауруының алдын алу табынды осы аурудан сауықтыру бойынша мал дәрігерлік  қызметті жандандыру да күн тәртібінде тұр.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі тұрғын үй шаруашылығы проб-лемаларына арналған отырыста депутаттармен бірлесіп, бірінші кезектегі жұмыстарды кеңінен талқылады. Онда 2011 жылы басталған Ақмол ауылындағы жаңа қазандық құрылысын аяқтау және қолданыстағы жылу жүйелерінің жоспарлы 19 шақырымының 15,5 шақырымын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Ақмол ауылындағы сумен жабдықтау және су қайтару жүйелерінің, Оразақ
ауылынан  аудан орталығына дейінгі магистраль желілерінің күрделі жөндеуден өткізілуі,  сондай-ақ, Қабанбай батыр, Максимовка, тағы басқа ауылдардағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта қалпына келтіру бо-йынша мемлекеттік сараптама алып, жобалық-сметалық құжаттама дайындау бойынша көптеген мәселелер айтылды. Қоғамдық кеңестің мүшелері атқарылған жұмыстардың  көлеміне қарамастан, тұрғын үй шаруашылығы жұмыстары бойынша бірқатар ескертулер жасады. Әлі күнге дейін Мәншүк, Жалғызқұдық, Қараөткел, Қаражар, тағы басқа ауылдар бойынша ауыз су мәселесі өзінің өзектілігін жойған жоқ.
Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңес отырыстарында да атқарушы органдар жұмысының басым бағыттары белгіленді. Мұнда салық салу базасын арттыру мен кірістерді жинауға, іскерлік алаңын жандандыруға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу қажеттігіне назар аударылды.
Сол сияқты, Бурабай ауданы мен Степногорск қаласының Қоғамдық кеңестерінде де осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, мұның өзі жалпы жағдайға оң ықпал етті.  

***
Осылайша Қоғамдық кеңестер қысқа уақыт аралығында өңірлердегі көптеген  өзекті мәселелерді талқылады. Жаңа институттың жұмысын жариялап келе жатқан мерзімдік басылымдардан оның қоғамда маңызды рөл атқаратындығын айқын аңғаруға болады. Қоғамдық кеңестердің қызметі әлі талай өзгертілуі мүмкін, себебі, қазір олар әлі өз қызметінің бастау тұсында ғана. Алдағы уақытта бізді бұл орайда, талай нәтижелер күтіп тұр. Олардың тарапынан мемлекеттік органдарға жасалған ұсыныстар мен берілген кеңестер ескеріліп, қоғамдық пікірді қалыптастыруда биліктің жұмысына барынша оң ықпал ететіні сөзсіз.  
Өзімен салыстыратын және теңесетін белгілі бір үлгісі болмаса да, қазіргі Қоғамдық кеңестердің құрамына екі есе жауапкершілік жүктеліп  отыр. Мемлекеттің Қоғамдық кеңестерден күтетіні, олардың халықпен толық әріптестік орнатып мемлекеттік басқарушылық жүйені сәтті түрде қайта құруға үлесін қосу. Өйткені, осындай жаңашылдықтармен қоғамымыздың алға жылжи түсуі бәріміз үшін аса маңызды.
«BBS-IT» ЖШС
талдамалық орталығы.
Дерек көзі: БАҚ интернет.
Суреттерде:  облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысынан және Жер реформасы бойынша кеңейтілген мәжілісінен көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар