Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтық белең алып барады - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтық белең алып барады

Көкшетау қаласында тұратын кәсіпкер әйел жинап жүрген 790 мың теңге ақшасынан айырылып, жер соғып қалды. Өмірден көрген-түйгені мол кәсіпкер әйелдің айдың, күннің аманында алаяқтың арбауына түсіп, ақшасын оның қолына өзі бергені  адам алдауды кәсіп қылғандардың  қабілет-қарым деңгейін көрсеткендей.

Иә, бүгінде алаяқтықты кәдімгідей күнкөрістік кәсіп  етіп, сонымен нәпақасын айыратындар қатары көбейді. Олардың арасында жастар да, жасамыстар да, әйелдер де, ер адамдар да бар. Олардың бәрін біріктіретін ортақ қасиет – адамдарды алдап, сенімдеріне кіру арқылы, болмаса бопсалап, қажет болған жағдайда қорқытып ақшаларын алу. Осы орайда, алаяқтардың ойлап таппайтын амал-тәсілдері жоқтығына қайран қаласың. Жоғарыдағы  елуді алқымдаған кәсіпкер әйелді тақырға отырғызған отызды орталаған жігіт болып шықты. Сауда үйінен сату орнын алып беремін деп сеніміне кірген  алаяқ кәсіпкермен кәдімгідей шартқа отырыпты. Бірақ, ақша қолына тиісімен қарасын суытқан. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіруінің арқасында алаяқ қолға түсті.
Жалпы, жыл басынан бері 432 алаяқтық оқиға тіркелсе, соның 210-ы ашылыпты. Бүгінгі күні  93 қылмыстық іс сотқа берілген. Осыдан көріп отырғанымыздай, әрбір екінші алаяқ заң құрығынан сытылып кетуде. Олар қылмыстық әрекетін онан әрі жалғастырары анық. Осы орайда, құқық қорғаушылар алаяқтың қармағына түспеу әр адамның өзіне байланысты екендігін, әрбір істе абай болып, заңгерлердің ақыл-кеңесін алудың қажеттігін еске салады.

 

 

56 миллион теңге айыппұл төлейді

 

Көкшетау қалалық соты ірі көлемдегі жемқорлық қылмыс жасаған М. деген азаматтың үстінен ашылған қылмыстық істі қарады. Ол қызмет бабын пайдаланып, қаладағы балабақшалардың қызметкерлерінен бопсалап, 1600000 теңге ақша алған.

 

Жемқорлық қылмысқа қатысты сотталып жатқан мемлекеттік қызметкерлер қатары уақыт өткен сайын көбеймесе, азаяр түрі байқалмайды. Ақшаға құныққан жоғары білімі, жауапты қызметі бар адамдар ар-ұяттан безіп, оңай жолмен олжа табуға құлшынып жатқан жайы бар. Көкшетау қалалық сотында ісі қаралған бұрынғы мемлекеттік қызметкер қызмет бабын пайдаланып, балабақшаның азын-аулақ жалақымен жан бағып жүрген тәрбиешілері мен басшыларынан бопсалап жалпы көлемі 1,6 миллион теңге олжалаған. Ақшаға құныққан шенеуніктің бұл заңсыз әрекеті онан әрі жалғаса берер ме еді, кім білсін, егер тексеру барысында заңсыздық ашылмаса. Сөйтіп, құқық қорғаушылар жемқор шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғап, ол сотқа жолданды.
Қалалық сот М.-ны жемқорлық қылмысқа қатысты айыпты деп тауып, 56 миллион теңге айыппұл төлеуге және жеке мүлкін тәркілеп, өмір бойы жауапты қызмет ету құқығынан айыруға шешім шығарды. Осылайша оңай олжа таппақ болған шенеунік қыруар ақша төлейтін болды.
Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар