Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел дамуындағы іргелі істер кезеңі - АРҚА АЖАРЫ

Ел дамуындағы іргелі істер кезеңі

Өткен жылы еліміз өзінің  ұлық мерекесін – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы ширек ғасырдың ішінде Қазақстан көптеген биік белестерді бағындырды. Еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларында ірі өзгерістер жүзеге асты.  Қазақстан бүгінде әлемдік қауымдастықта өзінің беделді орнын тапты. Тәуелсіз еліміздің барлық жетістіктері әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының жемісі екендігі анық.

Қос палаталы Парламент депутаттары қабылдаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерін және жеңістерін, алға қойған мақсаттарын бейнелейтін маңызды тарихи құжат болып табылады.
Атап айтқанда, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі, әлем елдерінің басым бөлігімен дипломатиялық сенімді достық және ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнауы, халықаралық ұйымдардың қызметіне белсенді қатысуы, халқымыздың бейбіт және тыныш өмірін сенімді қорғауға қабілетті Қарулы Күштердің құрылуы, әскери қуаттың артуы – осылардың бәрі ширек ғасырда қол жеткен айтулы жетістіктеріміз.
Қазақстанды жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетелейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол»  жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Елбасының бастамасы бойынша әр азаматтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары толыққанды жұмыс істеп тұр.  
Тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жаңа елордамыз Астананың құрылуы. Астана құрылысы жаңа мемлекеттің, жаңа қоғамның нышаны ретінде киелі мәнге ие болды. Астана өз бо-йына өткеннің барлық құндылықтарын жинақтап, болашақтың жарқын келбетін айқындады. Бүгінде бас қаламыз өз күшіне сенімді, бүкіл әлемге жаңа Қазақстанның әлеуетін танытқан ірі іскерлік орталық болып қалыптасты.
Елбасымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста өткендегі жетістіктерді қорытындылап, болашақ даму бағдарымызға ой жүгірткен болатын.
Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 4,5 есеге, яғни, 40-60 мың долларға дейін өсетін болады. Азаматтар тұрғылықты жеріне, жынысына, жасы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, жоғары сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізеді. Қазақстан таяу болашақта  мектепте білім беру сапасының рейтингі бойынша ең жоғары дамыған 30 елдің қатарына енбек. Біздің университеттеріміз әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жүздігінің қатарына қосылмақ. Бүгінгі жүргізіліп жатқан реформалар, халықтың әл-ауқатының артуы қазақстандықтардың өмір сүру жасын 82 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Халық саны 25 миллионды құрап, оның ішінде экономикалық белсенді халық 11 миллионнан аспақшы. Бүкіл мемлекеттік қызмет көрсетулер электронды форматта ұсынылатын болады. Ғылыми-зерттеу талдамаларына бөлінетін қаржы ұлғайтылып, оның көлемі ІЖӨ-нің 3 па-йызына дейін жетпекші. 2050 жылға қарай қала тұрғындарының саны бүкіл халықтың 70 пайызына дейін өседі деп болжамданып отыр. Осы кезең ішінде 380 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Қазақстандықтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бір адамға шаққандағы қазіргі 21-ден 30 шаршы метрге өседі. 2017 жылы Қазақстанда зейнетақы және баланың тууына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өспекші. Бұл өсім 2 миллион 200 мың қазақстандықты қамтиды.
Мемлекет басшысы әрдайым әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемін қысқартпай, керісінше, ұлғайта түсуді тапсырып келеді. Осы орайда, әлемді қамтыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, біздің елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл санап арта түсуде. Елбасы тапсырмасымен биылғы жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы мен бала тууға байланысты берілетін жәрдемақы көлемінің артуы осының тағы бір айғағы десек, артық айтқандық емес.
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры ішінде Қазақстан ауыз толтырып айтарлықтай көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Елдегі өзгеріс қаладан да, ауылдан да анық байқалады. Өзім ұзақ жылдар еңбек еткен астаналық Ақмола облысы кеңес заманында аграрлы аймақ болса, қазіргі күні өнеркәсіпті-аграрлы аймаққа айналып отыр. Өңірде алтын өндіру, темір, көмір, уран қоспасы, күкірт сияқты пайдалы қазбалармен бірге, машина жасау, полиэтилен құбырларын шығару, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу  салалары қарқынды дамуда. Өткен жылы Елбасы болған Көкшетаудағы КАИК фирмасы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «КамАЗ-Инжиниринг» Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорны біраз жылдардан бері табысты жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын шығарған ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке қажетті жүк машиналары нарықта үлкен сұранысқа ие.
Жаңа жылдың басында бір топ Мәжіліс депутаттары Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп жатырмыз. Өңірді аралап, түрлі ұжымдармен кездесу барысында байқағаным, халықтың тұрмысы жақсарып, жақсы жағына игі  өзгерістер орын алуда. Жергілікті жерлерде жаңа мектептер мен дәрігерлік пункттер салынып, ауыз сумен қамту мәселелері оң шешімін табу үстінде.  Қазіргі қазақстандық даму жолы ойға алған мақсат биігіне жететінімізді нақты көрсетіп отыр. Біз тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры ішінде ғасырларға бергісіз зор даму сатысынан өттік, сөйтіп, тарихымызда алтын әріптермен жазылатын ұлы істерді жүзеге асырдық. Алда да солай болатынына сенім зор.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар