Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілікті талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілікті талап етеді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі экономика және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова «Ақмола облысындағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы және болашағы» тақырыбымен өткен «дөңгелек үстел»  отырысына қатысты.

Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова облысымызға сапары барысында бұған дейін шағын және орта бизнесті дамыту мен осы салада кездесетін маңызды мәселелер бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, жиындар өткізген болатын. Дөңгелек үстелге қатысушылар халық қалаулысының өңіріміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға қолынан келгенше көмегін беріп жатқандығына ризашылығын білдірді.
Бүгінде облыста 60 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп жатса, оның 60 па-йызын әйелдер қауымы басқарады екен. Соңғы екі жылдың ішінде жүзеге асырылып жатқан әйелдер бизнесін несиелеу бағдарламасы аясында екі жоба маңызды деп танылып, оларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен 98 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесі облыстық әкімдік жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық сая-сат жөніндегі комиссияның және облыстық іскер әйелдер клубының отырыстарында үнемі талқыланып отыратындығын айта келе, облыс-та «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына 2552 әйел қатысқанын, оның 788-і ауылдық елді мекендердегі нәзік жандылар екендігін атап өтті.  
Отырыс барысында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры мен облыс орталығындағы банктердің басшылары әйелдер бизнесін дамыту жолында кездесетін өзекті мәселелер және несие алу барысында жиі орын алатын қиындықтар мен кемшіліктер, мемлекеттік бағдарламалардың пайдасы туралы жан-жақты баяндады. Халық қалаулысы әйелдерге бизнестерін аяқтарына нық тұрғызып, әрі қарай дамытуы және жаңа идеяларды бастаулары үшін үнемі ізденіс үстінде болулары қажеттігін атап өтті. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының арнайы ұйымдастыратын семинарларына, шет елдерден бизнесмендер шақыртып, тәжірибе алмасу үшін өткізетін тренингтерге қатысып, басқа мемлекеттердегі әйел кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі бірлестік, қауымдастықтарға қосылуларына кеңес берді.  
Бүгінде жұмысы жоқ адамдардың көпшілігі жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту мекемелеріне барып, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат алған соң, өз кәсібін ашпаққа бел буып жатады. Бұл орайда, Меруерт Қазбекова кәсіпкерлік саласында тәжірибесі жоқ адамдар қалайша бизнеспен айналысады дей келе, мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды орындау мақсатында кез келген адамға бизнес ашуды ұсынатын орталықтардың жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Мемлекет қаржысын мақсатты жұмсау үшін тапсырылған міндеттерді тиісті мекемелер талапқа сай, әділ атқарса деген пікірін білдірді.
Жиын соңында халық қалаулысы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерде әйелдер мен ерлерді бөліп-жарып қарауға болмайтындығын, бәсекеге қабілеттілік танытатын болса, қоғамның әрбір мүшесі мемлекетке қымбат екендігін айтты. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде оқып келген мамандарымыздың алпыс пайызға жуығы нәзік жандылар екен. Оларды оқыту үшін мемлекеттен қыруар қаржы жұмсалуда. Енді соны кейін қайтарту үшін оларды мемлекет ісіне араластырып, шет елдерден алған білімдері мен тәжірибелерін тиімді пайдалануымыз қажет деп атап көрсетті ол.
Іс-шара соңы жиналғандардың Мәжіліс депутатымен естелік суретке түсуімен аяқталды.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар