Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шешімін тілейтін мәселелер де алдан шығуда - АРҚА АЖАРЫ

Шешімін тілейтін мәселелер де алдан шығуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Чирков жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Депутатпен қала әкімі Әнуар Күмпекеев бірге болды.

 

Депутат өз жұмысын күн тәртібіне сай елімізде теңдесі жоқ теміржол подшипниктерін шығаратын «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамының кәсіпорнын  аралаудан бастады. Кәсіпорынның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Томилов заманауи үлгідегі өндірістің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру барысында «ЕПК Мәскеу» акционерлік қоғамында ғана шығарылатын сфералық подшипниктер 2014 жылдан бастап Степногорск қаласында шығарылатындығын ерекше атап өтті. Индустрияландыру картасының инвестициялық жобасына енген бұл жобаға өткен жылы 100 миллион Ресей рублі жұмсалып, зауытқа жаңа құрал-жабдық әкелініпті.  
Зауыт ішін аралап көрген халық қалаулысы кәсіпорын мен ондағы жұмыстың ұйымдастырылуына, өнімдер сапасын бақылау жүйесі мен дайын өнімдерді өткізу мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, ол зауыттың мұражайын аралау барысында кәсіпорынның құрылу тарихы мен дамуына қатысты мағлұматтарға баса көңіл бөлді.
Кәсіпорынның жұмысымен танысып болған соң Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына алдын ала жазылған тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, мұң-мұқтажымен келгендерге қолдан келгенше көмек қолын созатынын жеткізді.  
Қалалық мәслихаттың депутаты, «МСУ-104» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Владимир Козейчук Степногорск қаласы мен Заводской кентінің автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлуге қол ұшын беруді өтінді. Қазіргі таңда күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжат дайын болса да, оны жүзеге асыруға қажетті 1 миллиард теңгеге жуық қаражат қалалық, облыстық бюджеттерде жоқ. Сондықтан, келер жылы республикалық бюджетті қарағанда, осы мәселеге назар аударылса деген өтінішін айтты. Халық қалаулысы бұл мәселенің шешілуіне қол ұшын беретіндігіне сендірді.
Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің басшысы Сергей Баранов қоғамда Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің беделін арттыру туралы мәселе көтеріп, заң жүзінде оларға да жеңілдіктер жасауды бекіту қажеттігі жөнінде мәселе қозғады. Арнайы «Ардагерлер туралы» заң  қабылданса деген ой айтылды. Халық қалаулысы оның өтінішін жерде қалдырмай, Парламентке жеткізетінін айтты.
Жұмыс сапары соңында Парламент Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының активімен кездесіп, Парламент жұмысындағы заң шығару мәселелері бойынша түсінік берді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Степногорск қаласы.
Суретте: подпишник шығаратын кәсіпорында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар