Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұқпалы тұмау ауруы бақылауда ұсталуда - АРҚА АЖАРЫ

Жұқпалы тұмау ауруы бақылауда ұсталуда

14Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымызда  жұқпалы тұмау ауруымен сырқаттанушылықтың бүгінгі жай-күйіне арналған брифинг өтті.

Таяуда  инстаграм әлеуметтік желісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу мекемелерінің тарапына қаратылып жазылған сын-ескертпелер  жарияланды. Арыз жазғандардың шағымына сүйенетін болсақ, соңғы кезде облыс орталығында тұмау мен суық тию сырқаттарының көбеюіне байланысты, жедел жәрдем станциясының жұмысы сын көтермейтін көрінеді.  Көкшетау қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Беспалованың айтуынша, аталмыш мекеме 150 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Оның 36 мыңы балғындар, 13 санитарлық бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Мәселен, мереке күндері сағатына 26 шақыртуға дейін қабылдап отырған. Күніне жедел  жәрдемнің көмегіне 300-дей қоңырау келіп түседі. Қазіргі таңда Көкшетау қалалық жедел жәрдем станциясының диспетчерлері «Адис» ақпараттық жүйесінің көмегімен  жұмыс істеуді бастады. Яғни, диспетчерге түскен барлық шақыртулар компьютерге енгізіледі. Бағдарлама өзі-ақ барлығын реттеп, қай жерде, қай жедел жәрдем шақырту түскен мекен-жайға жақын жүргенін немесе бос екенін  анықтап, жіберіп отырады. Аталмыш сала мамандарының айтуын-ша, соңғы жылдары емханалардың уақытылы, әрі сапалы қызмет көрсетуінің арқасында жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің қатары азайған. Көкшетау қаласының тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендерге бір жедел жәрдем станция-
сы және екі қосалқы станция жұмыс  істейді.    
Ал, Көкшетау қаласындағы орталық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева болса,   ағымдағы эпидмаусымда  тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екендігін баса айтты. Бақылау деңгейлерінен арту анықталмаса керек. Ауырған адамдардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Республиканың аумағына инфекциялық аурулардың әкелінуі мен олардың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдана отырып мониторинг жүргізіледі.
– Емханада тұмаумен немесе суық тию сырқатына шалдыққандарға арналған фильтр кабинеті бар. Біз баспасөз өкілдері арқылы қалың бұқараға біздің емханада сенбі, жексенбі күндері кезекші дәрігерлер жұмыс істейтінін жеткізсек деп едік. Яғни, аурудың қандай да бір белгілері болса, дереу дәрігер мамандарға жүгінуге болады, – дейді орталық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Мамандардың айтуынша барлығы облыс бойынша тұмауға қарсы 52535 адам егілді (халықтың жалпы санының 10,0 пайызы). Екпе созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдерге егіледі. Аурудың  алдын алу әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет. Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ, науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек. Бөлменің жиі желдетілгені және ылғалды тазалық жүргізілгені дұрыс. Науқасқа жеке ыдыс бөлініп, тұрақты түрде өңделіп тұрса құба-құп. Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі, әсіресе, ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу болып табылады.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан, ең дұрысы, респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек. Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай қазіргі таңда суық тию сырқатын қоспағанда тұмауға шалдыққан 5 адам тіркелгені анықталды. Алайда, жиын барысында күні кеше ғана тағы да 12 адамның тұмаумен сырқаттанғаны белгілі болды.
Брифинг барысында журналистер денсаулық сақтау саласына байланысты күрмеуі көп елдің көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелер туралы   сұрап білді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар