Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңадан қабылданған заңдарға түсінік берді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңадан қабылданған заңдарға түсінік берді

Қазақстан  Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Астрахан ауданында болып, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жағдайына қанықты.

Астананың іргесіндегі Астрахан ауданында соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы жақсы қарқынмен дамып келеді. Халық қалаулылары ат басын бұрған «Бетеге – У»  серіктестігі жаңа технологиямен жұмыс істейтін диірмен орнатып, еліміздің ішкі рыногын ғана емес, шет елдерге де өнім шығаруда. Серіктестік басшысы Сергей Коломоец Мәжіліс депутаттарына диірмен кешенін аралатып көрсетіп, жұмыс жайымен жан-жақты таныстырды. Кешен жоғары, бірінші, екінші сортты ұн мен мал жеміне арналған кебек өндірісін жолға қойған. Сапалы өнімге деген сұраныс та жоғары екен. Ұн еліміздің көптеген аймақтарына, сонымен бірге, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты шет елдерге жіберілуде. Әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, диірмен кешені толық қуатында жұмыс істеп тұр. Бұдан кейін халық қалаулылары аудандағы өңдеу саласы бойынша соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі жоба саналатын «Астраханская птица» серіктестігінде болып, жұмысымен танысты.
Серіктестік басшысы Асқар Мақашев Мәжіліс депутаттарын Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы шеңберінде жемісті жұмыс істеп жатқан кәсіпорындағы атқарылған істермен  таныстырды. Жұмысшылардың айлық жалақысы алпыс мың теңгеден айналады. Оған қоса, жұмыс киімі, еңбек демалысында емделуге қосымша төлемақы сияқты жеңілдіктері де бар. Мәжіліс депутаттары бұдан кейін соңғы кезде халық арасында пікір туғызып отырған уақытша тіркелуге қатысты    түсінік берді. Еліміздің қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданған бұл заң ішкі миграцияны реттеп, лаңкестік қауіптің алдын алуға игі ықпалын тигізбекші. Уақытша тіркелу онша көп уақыт алмайды және көп құжат талап етілмейді.  Мәжіліс депутаттары аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы жағдайды өз көздерімен  көріп, танысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар